Өркениет

Жеке өмірі туралы бар шындықты айтқан Ақбота Сейітмағамбет тікелей эфирде егіліп жылады

  • © Хабар арнасы

    © Хабар арнасы

Хабар арнасындағы "Тікелей эфир" бағдарламасына келген Ақбота Сейітмағамбет көпшіліктің көкейінде жүрген сауалдарға жауап берді. Дәуренмен "ажырастық" деп мәлімдеме жасап алып, шетелде саяхаттап жүрген актриса жеке өмірі туралы бар шындықты айтты.


Әнші Дәуренмен бірге тұрмаймыз, бірақ әріптес ретінде жақсы араласамыз дейді. Айтуынша, Дәуренді әлі де сүйеді. Бірақ, олардың ажырауына актердің анасының сөзінен аса алмауы кедергі болған.


"Дәуренмен қазіргі уақытта бірге тұрмаймыз, біраз уақыт болып қалды. Көп түсініспеушіліктер болған соң, біраз уақыт бөлек тұрайық деп шешіп, екі жаққа кеттік. Мен ол кісіні жаман дей алмаймын, өте балажан. Ашумен біраз айтқан болатынмын. Ол кісінің жақсы жақтары бар. Актерлік жағынан талантты, әкелік махаббатын айтатын болсам тағы жақсы. Бір кемшілігі, "мамасының" баласы", - дейді Ақбота.


Сондай-ақ ол Дәуреннің ата-анасы өзін жақсы қабылдағанын, олармен әлі күнге дейін араласып тұратынын мәлімдеді.



"Ұлына көмектесіп тұрады. Ер адамның намысына тигім келмейді. Ата-енем мені жақсы қабылдады. Біз ажырасамыз дегенде таңғалды. Біраз уақыт қараңдар, өздерің көріңдер деді. Мені де қыздарындай жақсы көреді. Арамыз үзілген жоқ. Дәурен қазір ата-анасының үйінде. Мен оны сүйдім, әлі де сүйемін. Арамызда біраз жайттар болды. Бірақ ол кісі де халықтың сөзінен шаршады деп ойлаймын. Ойландым, толғандым. Жүрек қалап тұрған адамды әрі итере алмайды екенсің. Басында апам, көкем, жеңгелерім қарсы болды. Ол жақтан оның баяғы жұбайы шамалы шатақ шығарып, болмаған нәрселерді айтып, арамызға түсіп жатты. Басында екінші әйел алуға келісім бергенімен, мені көрген соң сөзінен тайды. Көбінесе қазір ұлыммен жұбанамын",- дейді көз жасын тоқтата алмаған әртіс.


9 жасында анасынан айырылып, нағашыларының қолында өскен әнші марқұм әкесінің туыстарымен бүгінде араласпаймын дейді. Ал өзін "некесіз бала туды" деп сынаушыларға Ақбота өкпесін жеткізді.


"Шариғат бойынша некемізді қиғанбыз, өсіп келе жатқан баламды некесіз деп айтып атына лас келтіретіндер олай айтпаса екен. Біз ресми некеге тіркелмедік, бірақ шариғат бойынша туыстарымызбен барып, некемізді қидырдық. Бұл Дәуреннің шешімі. Оның ойынша, мұсылмандық неке ғана маңыздырақ",- деді әнші.


Еске салсақ, актер Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейітмағамбет "Гламур для дур" фильмінен кейін шаңырақ көтерді. Дәурен өзәне үш бала сыйлаған екінші әйелін тастап, Ақботамен үшінші рет некесін қиған. Бүгінде атышулы жұптың Ибрахим есімді ұлдары бар.


Nur.kz




Көрілген: 3463    Пікірлер: 2

сәрсенбі, 25.10.2017, 19:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Желтоқсан, 10:14
    Баланың көңілі...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31