Өркениет

Жұлдыз болу үшін қыз балалар байлардың тозып кеткен "көпшігі" болады - Жан Ахмадиев

  • © Caravan.kz

    © Caravan.kz

Телевизия саласында жүрген рэпер, тележүргізуші Жан Ахмадиев "жұлдыз боламын" деушілерге жұлдыздардың шындығын айтты.


Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.


"Бүгінгі күні кішкентай баладан "өскенде кім боласың" деп сұрасаң, "əнші боламын" деп жауап береді. Неге дейсіздер ғой... Əрине, инстаграмды ашсаң да, теледидарды қоссаң да көретініміз осы жұлдызсымақтар. Əйтеуір мынау менің үйім, мынау көлігім, мынау мысығым, мынау құсығым деп мақтанып жатады. Соны көрген жеткіншек əншілікті армандамағанда не істейді?!


Айналайындар, жылтырағанның бəрі алтын емес. Телевизия саласында 9 жылдан аса уақыт қызмет атқарып келемін. Түсірілім (съемка) үшін котедж-көлікті жалға алған өнер иелерін талай көріп жүрміз. Əншілердің 90 пайызы жалдалмалы пəтерде тұрады. Олар аю сияқты. Жаздай тойдан жинаған нəпақасын қыс бойы қорек етеді. Ал, осы "қоректі" табу үшін дəулеттінің "добы" болып жүруге мəжбүр.


Қыз бала болсаң, кейде байлардың тозып кеткен "көпшігі" бола саласың. Ал жұлдыз болуды армандайтын жастар, ойланып көріңіздер! Осы сіздерге керек пе?!", деп жазды Ахмадиев желідегі парақшасында.


"Өзі жұлдыз болу үшін мұрны сыймаған жерге басын тығып, хайп ұстау үшін не істемеді десеңші.Енді айтып отырғаны мынау" дейді Жанның оқырманы.

 




Көрілген: 1801    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.06.2018, 15:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31