Жұлдыздар жанжалы: бірін-бірі жек көретін әншілер кімдер?

Жұлдыздар жанжалы: бірін-бірі жек көретін әншілер кімдер?

Өнер жолы – ауыр жол. Онда өсек те, мақтау сөздер де, сый-марапат та, араздық та, қызғаныш та жетіп артылады. Бүгін NUR.KZ порталы араларынан “қара мысық өтіп”, өзара келіспей қалған жұлдыздарды назарға ұсынады.

Төреғали мен Еске Есмахан дауы немесе екі әншінің продюсерлерінің керісуі

Екі әнші арасындағы дау алысқа тарады. Олар кім-кімнің атын шығарды деген мәселеге бас қатырды. Продюсер Төреәлі Ерке Төреғалимен ән айтқаннан кейін ғана жалпақ жұртқа танымал болды деп мәлімдеді. Бұл сөзді естіген Баян ханым Төреғалимен Ерке арасындағы шығармашылық байланысты үзді де, оған ойындағысын айтып тастады. Дегенмен, қазір Ерке мен Төреғали сахнада қайта табысып, әу баста-ақ жоспарланған “Сәлеметсіз бе” әнін жарыққа шығарды.

Қайрат Нұртас пен Серікбол Сайлаубек
Қайрат пен Серікбол жақсы дос болған. Олар кештерді бірге өткізіп, бірге қуаныштарын атап өтетін. Бірақ, Қайраттың ішіп алып, аузына келгенін айтқан видеосы желіге тарап кетіп, елді бір дүрліктірген болатын. Міне, осы оқиғадан соң Қайрат желіге бұл видеоны салған Серікбол екенін айтып, оны кінәлады. Бірақ, кейіннен Серікбол оның бұл сөзін шындыққа жанаспайтынын жеткізді. “Дешевый адамдар дешевый әңгіме айтады” деген ол, бұған өзінің қатысы барын мүлдем жоққа шығарды.

Ninety One тобы мен Ерболат Беделханға қарсы шыққан жұлдыздар
Қазақстан арнасының “Айтуға оңай” бағдарламасында Ninety One тобының продюсері Ерболат Беделхан мен айтыскер ақын Ринат Зайытов сөзге келіп қалды. Үнемі өз пікірін айтып салатын Ринат Зайытов топ мүшелерінің сырт келбетін ұнатпай, оларды сынға алды. Ерболат Беделхан мен Ринат арасындағы дау дауға ұласа түсті. Қоғам топқа қарсы және топты жақтаушылар болып екіге жарылды. Алтынбек Қоразбаев, Ринат Гайсин, Әдемі, Дина Нұржігіт секілді тұлғалар топ мүшелерін қолдап шықты. Заттыбек, Сәкен, Асхат Тарғын мен Төреғали Төреләлілер болса, керісінше, оларды сынның астына алды. Дегенмен, Ninety One тобына деген жастар тарапынан сұраныс ерекше артып тұрғанын да атап айту керек.

Ұлықпан Жолдасов пен Бауыржан Ретбаев
Ұлықпан Жолдасовтың продюсерлігімен құрылған «Дауыс KZ» тобының әншісі Бауыржан Ретбаев топтан кетіп қалды. Оған себеп Бауыржан Ретбаевтың отбасы топтың тағы бір мүшесі Бердібек Құлғараевты мойындамауы болған. Олар Бердібек Бауыржанмен ән айтуға лайық емес дегендіктен, Ұлықпан Бауыржанмен арадағы келісім-шартты бұзғанын мәлімдеген болатын. “Ретбаевтар отбасы дуэт жұмысына кедергі келтірді”, – деді Ұлықпан.

Жеңіс Ысқақова мен Шахизада
Жастайынан құрбы атанған Жеңіс пен Шахизаданың өзара реніштері ел аузында ұзақ уақыт бойы айтылып жүрді. Олар түрлі отандық бағдарламаларда бірін-бірі туралы әр түрлі пікірлері айтты. Жеңіс Ысқақова Шахизаданың қандай екенін танып, білдім десе, Шахизада көре алмаушылар арамызға жік салды деп қайтпай қойды. Дегенмен, екі әншінің достығы бүгінде бұрынғыдай емесі анық.

Алтынай мен Айгүл Иманбаева
Сәбиттің бірінші және екінші әйелдері неге өзара дос болуы керек деген заңды сұрақ туындайды. Бірақ бұл екеуін араз деп айыптап жүргеніне көрерменнің кінәлі еместігі анық. Себебі, олар жалпақ жұртқа жал салып, “үш жұлдыз болып” ән салған еді бір кездері. Ерлі-зайыпты “үшеуі” кейіннен бұл концерттің жалғасы болмай қалғанын да жасырмай айтқан. Олардың бүгінгі қарым-қатынасы қандай екені белгісіз. Біреулер Алтынай да Сәбиттің ажырасып кеткенін айтып, анық-қанығын біле алмай дал болып отыр. Дегенмен, бұл сөздің рас-өтірігі туралы әлі де мәлімдеме жасалған жоқ.

Асхат Тарғын мен Айдын Құдабаев
Асхат Тарғынмен тойда жанжалдасып, өзінің “атын шығарған” асаба Айдын Құдабаевты өнердегі әріптестері әнші ретінде таниды. Бұдан біраз уақыт бұрын Айдын мен Тарғын бігіріп “Нәзігім” атты ән жазған еді. Бірақ, олардың бұл әріптестігі бір күннің ішінде быт-шыт болды. Олардың бір-бірін жағадан алып, жұдырық ала жүгіруі олардың қарым-қатынасына сызат түсіріп үлгерді. Видео желіге тарап кеткен соң естерін жиған әншілер төгілген абыройларын қайта орнына келтірмек ниетте.

Меруерт Түсіпбаева мен Қайрат Нұртас
Меруерт пен Қайрат жаға жыртысып жанжалдасып, өзара ұрысып әуре болмағанмен, Меруерттің Қайратты жақтырмайтыны бір сұхбатында жария болып қалған. Ол Астана арнасының “Ел аузында” бағдаралмасында Қайраттың бренд киімдерін тегін берсе де кимеймін деп мәлімдеген болатын. Ол тіпті Қайрат киімдерін Қытайдан әкеледі деп жайып салған еді.

Баян Есентаева мен Сон Паскаль
КТК арнасындағы «Наша правда» бағдарламасына шақырылған Сон Паскаль Баян Есентаеваға дөрекі сөйлегені үшін жақпай қалған. Сон Паскальді Баян ток-шоу жүргізушісі Алексей Шахматовқа дөрекі сөйледің деп айыптап, арты шуға айналып кеткен оқиға шетел әншісін студиядан шығарып жіберумен аяқталған болатын. Бірақ, Баян өзінің әрекетіне еш өкінбейтінін айтқан.

Мөлдір Әуелбекова мен Индира Елемес
Жас әнші Мөлдір Әуелбекова продюсерлікке бет бұрып, жаңа және ең бірінші жобасы ретінде Индира Елеместі таңдап алады. Дегенмен, араға уақыт салып, екі әнші екі бөлек кетеді. Жұрт бұл екі қыздың өзара қарым-қатынасына сызат түскен деп болжап, оларға қатысты түрлі әңгімелер тарай бастайды. Дегенмен, кейіннен Индира мен Мөлдір желідегі парақшаларына жағдайды түсіндіріп, екеуінің екі бөлек кетуіне басқа жайттар себеп болғанын мәлімдеген. Олардың айтуынша, өзара қарым-қатынаста ешқандай кілтипан жоқ. Тек жұрт оларды дұрыс түсінбей қалған.

Айдана Меденова мен Баян Есентаева
“КешYou” тобына алып, қанатының астында топ мүшесі ретінде тәрбие берген продюсері Баян Есентаеваны Айдана Меденова тойына шақырған жоқ. Дәлірек айтсақ, ол шақыру билеттерін өз қолымен апарып, табыстаған жоқ. Бұған ренжіген Баян тойға бармай қойған. Ол парақшасына Айдананың тойына бармауының себебін айтып берді. “Мен Айдана бізге өзі келіп, шақыру билетін тапсырады деп ойладым. Мен онымен бірге барымды салып жұмыс істегеннен кейін өзімді соған лайық санадым. Ал ақырында менің шақыру билетім Кәмшаттың қолында болып шықты. Ол маған хабарласып, билетті беріп жібергенін айтты. Айдана той әлегінде жүргені соншалық, бізге келіп жеке билетті табыстауға бес минут уақыт таба алмаған болып шықты. Мен тіпті, хабарлама мен WhatsApp-тан тойға кел деген шақыру сөздерін алмадым. Қоңырау шалуды тіпті айтпай-ақ қояйын! Егер сіздер осындай шақыртудан кейін мен келуге міндеттімін деп санасаңыздар, мен бұл жағдайға мүлдем басқаша көзқарастамын! Мен бұл тақырыпты осылайша жаптым және журналистердің сұрақтарына жауап бермеймін. Ал Айданаға тек бақыт тілеймін!», — деді продюсер. Кейін Айдана мен Баянның қарым-қатынасы дұрысталғандай болды.

Қос продюсердің жанжалы
Алуа Қонарова мен Баян Есентаеваның мықты продюсер екеніне ешкім шүбә келтірмейді. Бірақ, қазақта “екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды” деген сөз бар. Олардың өзара дауына Жанар Дұғалова себепші болған. Нақтырақ айтсақ, оның халықаралық байқаудағы жеңісіне қатысты Алуа жағымсыз пікір айтқан. Баян Алуа Қонарованың берген бір сұхбатында айтқан сөздеріне наразы болып, “Жанар бұл байқауды өз күшімен жеңіп алғанын” баса айтты.

juldizdar.kz 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста