Өркениет

Жұлдыздар ұстанатын жаңа жылдық дәстүрлер

  • Жұлдыздар ұстанатын жаңа жылдық дәстүрлер

    Жұлдыздар ұстанатын жаңа жылдық дәстүрлер

 Әр шаңырақта дастархан басында отағасы да, отанасы да табуылуы керек

Актер Шакентидің әкесі жаңа жылды қарсы алған түні ерекше мәрттік танытатын көрінеді. Сөйтіп, перзенттерінің бәрінің қалтасына қаражат салып қояды екен. Қыдырәлі БОЛМАНОВТЫҢ да балаларына мотивация сыйлайтын өзіндік құпия дәстүрі бар. Мұның астарында не жатыр? Өздері айтсын!


Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.


Қанша қаржы ұсынылмасын Қыдырәлі мен Қарақат Жаңа жыл түні сахнаға шығудан түбегейлі бас тартады. Әр шаңырақта жайылған ақ дастархан басында отағасы да, отанасы да табуылуы керек деп біледі олар.


“Бірге өткіземіз. Баланың қасында болған сайын, баланың өресі де өседі, намысы да, қуаты да, құлшынысы да артады. Қазіргі тілмен айтқанда мотивация деп жатамыз ғой”, – дейді Қыдырәлі мен Қарақат.


Шәріп СЕРІК те жанұя құндылықтарын көш ілгеріге қоятын жан. Асқар тауы соған баулыған.


“31 желтоқсан күні барып, барлығымыз суға түсеміз, әдемі киімдерімізді киеміз. Сөйтіп әкеміз барлығымыздың қалтамызға ақша салады. Енді осы жаңа жылда қалтамызда ақша болсын дегендей”, – дейді Шәріп Серік.


Шырша әрлеу – Қарлығаш МҰХАМЕДЖАНОВА үшін үлкен рәсім!


“Отбасымыздың барлық мүшелері түгел жиналған сәтте ғана шырша құрамыз! Кейде, басымыз бірікпей соңғы сәтке дейін, бұл істі созуымыз мүмкін”, – дейді Қарлығаш Мұхамеджанова.


ratel.kz




Көрілген: 723    Пікірлер: 0

жексенбі, 24.12.2017, 17:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30