Өркениет

Журналистер марапатталды

  • Журналистер марапатталды

    Журналистер марапатталды

Ұлт журналистика­сы­ның ұлықпаны, қарымды қаламгер Шерхан Мұртаза «Жолбарыс пен журна­лис­ті аш қоюға болмайды» дегенде, сірә, журналистің тегеурінін осынау аңдар­дың ең мықтысына теңе­ге­ні болар.  Сондай-ақ жолбарыстың олжасын жұртпен бөлісіп жейтінін де меңзеуі бек мүмкін. Бейбіт күндері қында жатса да, нағыз соғыста таптырмас қаруға айнала­тын алмас қылыш секілді, журналистер де жыл бо­йы­на жұрт деп жүгіргені­мен, жұртының алғысына бөленетін тұстары болып тұрады. Соның бірі – мау­сым айының соңғы жек­сен­бі­сіндегі кәсіби мереке күні.

Алматы қаласының Тілдерді да­мы­ту, мұрағаттар және құжаттама басқар­масы жыл басынан бастап «Мемлекеттік тіл және бұқаралық  ақпарат құралда­ры» қалалық байқауын жариялаған бола­тын. Баспасөз күнінің құрметіне орай аталған байқаудың қорытындасы бойын­ша марапаттау рәсімі орын алды.

Тіл саясаты, мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы туралы өткір де өзекті материалдары жарияланған БАҚ-тың бүгінгі төрт саласынан қамтыған байқауда қазылық ету Қали Сәрсенбай, Қуандық Түменбай, Дәурен Қуат, Жұмабай Шаштайұлы сынды қазақ журналистикасының көшбасшыларына берілді. Ал жүлде иелері төмендегідей номинациялар бойынша анықталды:

«Баспасөздегі үздік журналист»:

І орын «Алматы ақшамы» газетінің бөлім редакторы Ермек Зәңгіровке;

ІІ орын Халықаралық «Түркістан» газетінің тілшісі Динара Мыңжасар мен «Алматы ақшамы» газетінің тілшісі Өтеш Қырғызбайға;

ІІІ орын «Алаш айнасы» газетінің тілшісі Мәриям Әбсаттар, «Ана тілі» газетінің тілшісі Динара Ізтілеуова мен «Жас қазақ үні» газетінің бас редакторы Қазыбек Иса марапатталды;

«Интернет-сайттағы» үздік журналист:

І орын – Серік Ерғали

ІІ орын – Өміржан Әбдіхалық, Ардақ Құлтай

ІІІ орын Шырын Айтмағанбетова, Жұмахан Тастанбек, Манас Жентекеев.

«Үздік тележурналист»:

І орын – «Алматы» арнасының «Тіл сақшысы» хабарының редакторы Назгүл Стамбекова;

ІІ орын – «КТК» арнасындағы «Мәссаған» тележобасының продюсері Айжан Батырова мен «Қазақстан» ұлт­тық арнасының «Сегіз қырлы» хабары­ның редакторы Назгүл Сарыбаеваға;    ІІІ орын – «Асыл арна» телеарнасының «Тұнық тіл» бағдарламасының редак­торы Индира Болатқызы мен «Хит тв» арнасының қызметкері Әсем Көбееваға бұйырды.

«Үздік радиожурналист»:

І орын «Қазақ радиосының» «Мемлекеттік тіл» бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі Нұржамал Янгибаева;

ІІ орын «Қазақ радиосының» «Даму» бағдарламасының жүргізуші редакторы Жылбек Сембекұлы мен «Шалқар» арнасының «Тіл-майдан» бағдарлама­сының редактор-жүргізушісі Айнұр Төлеуге;

ІІІ орын «Қазақ радиосы» «Қайырлы таң, Қазақ елі» бағдарламасының жүргізушісі Жарқын Сәленұлына берілді.

Сондай-ақ «Алаш айнасының» тілшісі Қуаныш Әбілдақызына, жур­налист Ләззат Дүйсембекова және Ди­на­ра Идаяловаға алғыс хаттар тапсы­рыл­ды.

Мамай АХЕТ, Алматы қаласының Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасының бастығы:

– Бұл – біздің Баспасөз күніне орайластырып жылда өткізіп тұратын дәстүрлі шарамыз. Мұнда біз ешкім кәсіби шеберлігіне де, біліктілігіне де шүбә келтіре алмайтын журналистердің басын қосып, баспасөз, радио, телеарна­дағы мемлекеттік тілімізді насихат­тайтын материалдарды ол кісілер­дің назарына ұсындық. Және сол қазылардың шешімімен бүгінгі марапаттау өтті. Байқау барысында ең басты назар аударғанымыз – мемлекеттік тіліміздің қоғамның барлық салаларына дендеп енуіне, терминдерді қалыптастыруға атсалысып, еліміздегі Тіл саясаты жолында шыбын жаны күйіп, көпшілікке насихаттап жүрген журналистерді іріктеуге күш салдық. 




Көрілген: 1582    Пікірлер: 2
Пікірлерді оқу (2) preloader

бейсенбі, 23.06.2011, 12:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30