Өркениет

Жүрсін Ерман бір-бірімен сыйыспай жүрген айтыскерлерге реніш білдірді

  • Жүрсін Ерман бір-бірімен сыйыспай жүрген айтыскерлерге реніш білдірді

    Жүрсін Ерман бір-бірімен сыйыспай жүрген айтыскерлерге реніш білдірді

"Алтын домбыра" дәстүрлі сайысы биыл Жүрсін Ермансыз өткен еді. Айтыс атасы саналатын ақын бұл жолғы додаға көңілі толмағанын айтты. Ол бүгінгі айтыскерлердің жік-жікке бөлініп, бір сахнада отырып айтысудан қалып бара жатқанына алаңдаулы деп хабарлайды КТК телеарнасына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы.

Айтыскерлер халықтың мұң-мұқтажын жырлаудың орнына, бір-бірімен сыйыса алмай әлек болып жүргенін Жүрсін Ерман мойындап отыр. Ол бір үйдің баласындай болған ақындардың қазір бір сахнада отырып айтысудан қалып бара жатқанына алаңдайды.


Ал осыған дейін ол айтысқа радикалды топтардан қауіп төніп тұрғанын айтып шырылдаған еді.


Биылға дейін айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағын басқарып, бес мәрте «Алтын домбыра» сайысын ұйымдастырған Жүрсін Ерман бұл жолғы додаға көңілі толмағанын жеткізді. Себебі оның ұйымдастырылуы шала болып, тіпті біраз мықты ақындар шет қалыпты.


"Алтын домбырадан» айырылып қалдық. Оны Ақтөбеде ұйымдастырған болатын. Бұрын айтысқа қатыспаған биылғы жылдың, ақындар арасында өткен «Алтын домбыра» сайысы біздің көңілімізді көншітпеді. Сондықтан, біздің бірде бір одақтың мүшелері барып қатысқан жоқ", - дейді Жүрсін Ерман.


Қазір кейбір ақындардың тек дін төңірегінде толғанып, айтыстың ажарын қашырып жүргені туралы айтылып жүр. Халық арасында Сара Тоқтамысова, Балғынбек Имашев, Сырым Әуезхан, Жандарбек Бұлғақов секілді сәйгүліктер Мұхамеджан Тазабектің жанына топтасты деген әңгіме бар. Алайда бұл сынға Мұхамеджан Тазабектің өзі түбегейлі келіспейтінін жеткізді.


"Дінге байланысты бөлінушілік айтыста болған емес негізінен. Көп жағдайда деген шығар, солай шығар, солай болуы мүмкін деген жорамалдармен ел арасында сондай түсінік қалыптасып қалды. Әйтпесе, айтыс төңірегінде болып жатқан дау дамайға діннің еш қатысы жоқ", - деді Мұхамеджан Тазабек.


Айта кетейік, "Алтын домбыраның" биылғы додасы Ақтөбеде «Жыр арқауы — жаңғыру» атты республикалық ақындар айтысы аясында ұйымдастырылған еді. Оған Жүрсін Ерман қатыспай, сайысты Көпен Әмірбек жүргізген болатын. 




Көрілген: 579    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жексенбі, 07.01.2018, 11:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Қаңтар, 14:33
    Азамат

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31