Өркениет

Жұрт Айқынның мазасын неге алады?

  • Жұрт Айқынның мазасын неге алады?

    Жұрт Айқынның мазасын неге алады?

 Халық алдында жүрген соң, өнер иелерінен көмек сұрайтын жандар жетерлік. Тіпті, толассыз түскен мұндай өтініштер әнші Айқынның мазасын әбден алған. Ал, өзге жұлдыздар өмірде жеке бұйымтайын айтатындарға қатысты не дейді?


Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.


Маған көмектесіңізші! Дәл осы сөздер өнер иелерінің өміріне танымалдығымен қатар келгендей… Сондықтан болар, бейтаныс біреулердің жеке өтініштеріне жұлдыздардың еті әбден үйренген..


“Көшеде немесе, интернетте немесе телефонға звондап өтініш білдіреді, көмектесе аласыз ба деп. Қолымыздан келгенше көмектесеміз, әрине. Көбінесе қазір ақшалай көмек сұрап жатыр”, – дейді «Mysterions» тобының мүшесі Дильен.


«Мистерионстық» сері, алаяқтардың арбауына түспеуге шақырады. Емге ақша керек деп, көмек сұрағандардан арнайы құжат талап ететіні де содан. «Қазақстан аруы» Айдай Исаtваға да мұндай өтініштер жиі айтылатын көрінеді.


“Дәрігер болып жұмыс істеген кезімде, ақша жоқ дейтін. Сол кезде көмектескенім болған. Өмірде сұрап келсе, мен қолымнан келгенше көмектесемін. Танымайтын адамдарға да көмектескенмін”, – дейді Айдай.


Өнердегі әріптестерімен салыстырғанда, Айқынға білдірген бұйымтайлардың жарасы жеңіл. Алайда, әншіні тыныштығының тым бұзылғаны қынжылтады.


“Көбіне адамдар келіп суретке түседі. Суретке түскеннен кейін маған көмектесіңізші, менің бір әпкемнің, ағамның, інімнің туған күні еді. Соны видеоқұттықтау жазып жіберіңізші деген. Ватсапқа келіп жатады. Бүгіннің өзінде 3 видео құттықтау жібердім. Шыны керек кішкене мазаны алады”, – дейді Айқын.


Елге белгілі болудың өтеуі де осы шығар деседі жұлдыздар!


Stan.kz




Көрілген: 1175    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.01.2018, 18:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30