Өркениет

«Қалаулымның» қалауы не?

  • www.youtube.com

    www.youtube.com

«Қызға қырық үйден тыю», «Қыз – елдің көркі», «Қыздың жолы жіңішке» деген қазақтың ұрпағы едік. Қазақ деген өзі бір ерекше дана халық едік қой, шіркін! Бірақ, ол өткеннің елесі боп кеткендей мен үшін. Олай дейтін себебім, бүгінгі таңда барлық ұлттық құндылықтарымыз өз қадір-қасиетін жоғалтып, орнын ауыстырып алды.

ХХ ғасырдың екінші жартысында қазақ телевидениесі өзінің ұлттық болмысты паш ететін, қазақтың даралығын, жақсы қасиеттерін дәріптейтін әп-әдемі фильмдерімен, ғылым-өнер биігіндегі нағыз майталмандарымен, жастарының үлгілі өмірімен мақтаныш болған. Ал, бүгінгі теледидарға кейде қарап еріксіз көзіме жас келеді. Әрине, заман ағысы, дәуір дүрбелеңінен қалмау, ғасыр ғаламаттарына немқұрайлы болмау қажет-ақ. Дегенмен, әр ұлттың өзін ерекше етіп көрсететін саф алтындай жарқыраған қасиеттері болады. Біздің қазақ ұлты үшін оның ең бастылары – ар-намыс және адалдық деп білемін. Сол ар-намыстың қабығы жұқарған жаңғақтай қалтыраған күйін «Қалаулым» секілді бағдарламалардан көруге болады.

Жастарды бір-біріне қарсы қою, өсек айтқан сияқты, жігіттердің өзі әйелдер секілді сөз таластырып отыруы, қызға мұқтаж боп кеп отырған жоқпын деген сөздер сөйлеуі, жақын отырған адам былай тұрсын, экран сыртынан тыңдап отырған құлаққа да түрпідей тиеді екен. Жастарымыздың, әсіресе, ер жігіттердің сол жерге келіп ап, сөз таластырып отыруы мүлде дұрыс емес. Сорақысы, бір-бірінің сөзін тыңдамайды. Сөзге тоқтам жасамайды. Қызуқандылыққа салынып, кейде аузына келген сөзді сапырып жатқаны тағы бар. Қажетті-қажетсіз мақал-мәтелдерді қолданып отырғаны.

Жүргізушінің киімі де, отырыс-тұрысының өзі де, кейде қоятын сауалдары да мүлде қазақ қызының тәрбиесіне лайық емес.

Мына бағдарламаның бүгінгі жастарға кері әсерінен басқа түк те жақсылығын көріп тұрғаным жоқ, өйткені, біреудің мәпелеп өсіріп отырған қызын келесі біреулер даттап немесе оның намысына тиетін сөздер айтып отыруы қазақтың қасиетіне жараспайды емес пе? Атам қазақта қыздың тегін білгеннен кейін әке-шешесі немесе жеңгелері арқылы сөйлескен. Жастардың бір-біріне болған түсіністіктерін де ескерген. Ары қарай екі жақ құдалық, сырға салу, қыз айттыру т.б.дәстүрлері арқылы шаңырақ көтеруге жеткізген.

Бүгінгі таңда, Елжас Ертайұлы деген ағамыздың отбасылық тәрбие, жастарды отбасылық өмірге дайындау, жігіт пен қыз, әке мен ана алдындағы міндеттерді бүге-шүгесіне дейін талдап-түсіндіретін «Бақытты отбасы» атты семинарларын Қазақстанның барлық қалаларына өткізіп жүргені ең құптарлық жағдай. Алдымен жастарды осындай семинарларға қатыстыру керек. Семинарлардың пайдасы мына бағдарламаға қарағанда екі есе құнды деп ойлаймын.

Бірнеше бағдарламаларды көріп отырып кәдімгідей қарның ашады және соңғы кездері теледидар қарауға құлқымыз да қалмады. Бірақ, «Харекет» секілді бағдарламалардың үлкенге де, кішіге де берері де, ұсынары да мол. Әлеуметтік шешімін таба алмай жатқан қаншама мәселелерді шешуге үлкен септігін тигізеді. Қоғамда белең алып жатқан қаншама мәселелер бар, соларды шешуге көмектесудің орнына уақыты көп, істейтін жұмыстары жоқ елді жинап ап, айтыстырып қойғаннан не ұтамыз? Онымен тұрмай, әркімнің тағдыры мен болашағын өз отбасында, өз ет жақындарының айналасында қарап талқылағаны дұрыс, меніңше. Жар таңдау, үлкен өмірге қадам қою, бала тәрбиесіне жауаптылықты сезіну тек отбасы мен туған-туыстар алдында қаралса, нұр үстіне нұр болар. Әр елдің қаңсығына таңсық болмай, өз ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін жағына ойысу ауадай қажет.

Осы уақытқа дейін теледидарға барып жүмле әлемге жар салмай-ақ, үй болып, басым бөлігі бақытты өмір сүріп келеді. Одан да маңызы бар, жастарға тәрбиелік мәні бар, дұрыс жолға тартатын нәрселерді айтқан дұрыс деп ойлаймын.


 


Самал Бейбітқызы АСҚАР,

11-сынып оқушысы




Көрілген: 687    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.05.2018, 21:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31