Өркениет

Кәмшат Жолдыбаева "жартылай жалаңаш киінеді" деп сынағандарға жауап берді (фото, видео)

  • © instagram

    © instagram

Жалаңаш кейпімен жұрт назарына жиі ілігетін Жолдыбаева, НТК арнасындағы «Ревюньюс» арқылы желіні шулатқан жазбаларына жауап берді.


Каспийдің толқынына тербеліп, туған жерінде асыр салған сылқымды сол сәтте сынағандардың саны аз болған жоқ. Тіпті, дәл осы видеоны желіге жүктей сала, жағымсыз пікірлерді қарша боратқан фоллоуверлері, әншіні біраз жерге апарып тастаған-ды. Алайда, Кәмшат бұл тектес жазбаларға бас қатырмайтынын айтты.


"Ол орынды. Ойбай пікір жағымсыз жазылып жатыр немесе жазылмай жатыр деген емес. Пікір жазылмаса ол жаман. Пікір жазылмаса саған ешқандайда қызығушылық танытылмайды, еленбейді", -деді Жолдыбаева.


Сонымен қатар, әлеуметтік желіде әнішінің сіңілісі де сын садағына жиі ілігеді. Батыл образдарымен оқырмандарын таң қалдырудан шаршамайтын кіші Жолдыбаева, бүгінде Кәмшаттың сахналық образына өзіндік үлесін қосып жүрген көрінеді.



"Өз жолымен тым жақсы келе жатқан қасымдағы сіңілім. Маған көмектесетін тұсы ол ақылдасу, кеңесу. Образдарымды, стилімді... сол жағынан талғамы жоғары. Былайша айтқанда, халықтың алдына шыққан образдарымның барлығы сол Алтынаймен ақылдасып жасалатын дүниелер",-дейді әнші.


"Кешью" құрамында жүріп, тек продюсердің қадағалауымен сахнаға шыққан Кәмшат, жеке шығармашылыққа бет бұрғанда ашық образдармен ел назарын бірден аударды.


"Жаңашылдық, ерекшелік бұл әрқашанда сынға алынады. Егерде сен бұрын-соңды болып жатқан іс-әркеттеріңді қайталап жүре берсең, ол ешқашан еленбейді, сынға алынбайды. Ал, егерде сен жаңалық ашамын, ерекше боламын десең, онда ол міндетті түрде сынға ілігеді. Өзімнің сүйікті ісіммен айналысамын. Біріншіден өзімді таң қалдыруға тырысамын",- деп жауап берді әртіс.


 


Nur.kz




Көрілген: 1944    Пікірлер: 1
Пікірлерді оқу (1) preloader

жұма, 06.10.2017, 16:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30