Өркениет

Қарағанды жастары Төреғалидің концертіне қарсы шығып жатыр: Келіспесе қуып жіберу керек

  • Қарағанды жастары Төреғалидің концертіне қарсы шығып жатыр: Келіспесе қуып жіберу керек

    Қарағанды жастары Төреғалидің концертіне қарсы шығып жатыр: Келіспесе қуып жіберу керек

 Төреғалидің 21 наурызға жоспарланған Қарағандыдағы концертіне жергілікті тұрғындар қарсы шықты. Атышулы әнші дәл сол күні “Қатемді кешіріңдер” деп аталатын жаңа ән кешін өткізуді жоспарлаған. Бұл туралы қарағандылық тұрғынның бірі Салтанат Кеңесбекова-Смағұлова өзінің Facebookжелісіндегі парақшасында жазды деп хабарлайды NUR.KZ.


Төреғалидің Қарағандыда концертін беретінін естіген жұрт жергілікті тұрғындарды оның концертіне бармауды шақырды.


“Ақысына кешірім сұрағандар. Шын жүрегімен кешірім сұрағанның сыйлығы болар еді. Қара пиармен қалта қағып үйренгесін, қайтесің?”, – деп жазған желіге Салтанат.


Оның бұл пікіріне қосылған желідегі қолданушылар оны қолдап, Төреғали халыққа тегін концерт беріп барып, кешірім сұрау керек деген пікірде.


“Қарағанды жастары сол күні жиналмақ екен. Халықтан кешірім өтінген екен, ақысыз концерт беру керек деп. Мен олардың осы пікірін қолдаймын. Өр, жасындай жарқыраған ұрпақ тәрбиелеп жатыр екенбіз. Төреғали сияқты пиарщиктерді төрге оздырмау керек деп отырмыз”, “О, дұрыс, келіспесе қуып жіберу керек”, “Кешірімді әуелі Павлодардан бастап сұрасын. Не, Қарағанды көрінген фанерщик аузын жыбырлатып концерт қоя беретін проходной двор ма? Бұл іспен облыстық Мәдениет басқармасы айналыссын! Дулат Аманжол, Қарағандыны кім көрінген концерт қоятын помойка қылғанды тоқтату керек! Бұл не сұмдық? Ұйымдастырушылар жазалансын! Қарағанды жастарының бұл бастамасын қолдаймыз”, – деп жарыса жазған желі қолданушылары.


NUR.KZ.




Көрілген: 2864    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 14.03.2018, 10:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31