Өркениет

Қарақат та ренжіген: Мақпал Жүнісова желідегі біразын бұғаттап тастағанын айтты

  • Қарақат та ренжіген: Мақпал Жүнісова желідегі біразын бұғаттап тастағанын айтты

    Қарақат та ренжіген: Мақпал Жүнісова желідегі біразын бұғаттап тастағанын айтты

ҚР Халық артисі Мақпал Жүнісова әлеуметтік желілердің ішінен тек Instagram-парақшасын ғана жүйелі түрде қолданады.


Ол өзіне жазылған пікірлердің барлығына бірдей жауап беріп, жанкүйерлерімен түскен суреттерді жиі жариялап тұрады. Құдды оқырманмен жақсы байлныс орнатқан жазушы іспетті. Содан ба екен, әншінің парақшасына жағымсыз пікір қалдырушыларды кезіктере қоймайсың. Десе де, Халық артисі әріптестеріне жазылатын ауыр сөздері көргісі келмегендіктен біразын бұғаттап тастаған.


"Адамдардың саған айтқан тілектеріне бір ауыз сөзбен болсын жауап бергім келеді. Көлікте келе жатсам да, арасында тамақ жасап жүріп, арасында қарап қоямын.Өнер адамдарының бәрін өзімнен алып тастадым. Бірең-сараң ғана адамдар тұр. Ол кісілердің парақшасы менде болған. Ашып қарасам, бізде балағаттауға дайын тұратын адамдар көп екен ғой. Ана кісіні жерден алып, жерге салып жатады. Сонда жаман көңіл күйім түсіп қалады, сол үшін оқығым келмейді. Әріптестерім, әншілер маған ренжиді. "Мәке, бізді неге бұғаттап тастағансыз?" – дейді. Қарақат та, бәрі ренжіген. Қойыңдаршы, сендер туралы жаман нәрсе оқысам жүрегім ауырып қалады деймін.


Желіде жазылып жатқан нәрсе – сын емес, онда сені балағаттай салады. Маған да "сен әнші емессің" деп жазатындар бар. "Оңбағансың", "неге сен шошқадай семізсің?" деп жазды. Мен енді семіз емеспін. Негізі әп-әдемі, сүп-сүйкімді келіншекпін. Құдайға шүкір, өзімнің жасыма лайықты. Жүрегім жас, беттім оттай береді демекші", – деп сөзін қалжыңмен аяқтады әнші.  




Көрілген: 2212    Пікірлер: 0

бейсенбі, 05.07.2018, 19:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31