Өркениет

Қарақаттың өкілі "Ана мен балаға" қатысты айтылған сынға жауап берді

  • Қарақаттың өкілі

    Қарақаттың өкілі "Ана мен балаға" қатысты айтылған сынға жауап берді

 Отандық журналист Айгүл Төлекбаева Қарақат Әбілдина жүргізетін "Ана мен бала" бағдарламасына қатысты сыни пікірін Facebook желісіндегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Today.kz.


"Бұл бағдарламаны теледидардан көргеніме қуандым. Аты сондай жылы екен. Жүргізуші рөлінде - Қарақат. Бұдан артық не керек деуге болар еді. Ол - табысты әйел, жар, ана. Бірақ мемлекеттік арна эфирінде Қарақат әнші Роза Әлқожаға қызына деп алтын сақина бергенде қатты күмілжіп қалдым. Тағы бір рет Айгүл Иманбаева қонаққа келді. Қарақат табысты әйел Иманбаеваға тұрмысқа шығып, бала тууға кеңес берді, әйтпесе ұлы өсіп кеткенде бала босану ұят дейді. Жүргізуші актрисаның қай уақытқа дейін тұрмысқа шығып үлгеруі керектігіне дейін айтты. Қарап отырып ойландым, Айгүл өз-өзін қамтамасыз ете алатын әйел емес пе, қашан, қалай тұрмысқа шығатынын шешетін ол емес қой? "Ана мен бала" бала тәрбиесі туралы бағдарлама болғандықтан, ол жақтан бала туралы көбірек естігіміз келеді емес пе? Регламент қойып эфир кезінде материалды сыйлықтар беру мен жүргізушінің қонақтарға кеңес айтуына тыйым салған дұрыс-ау?", - деп жазды журналист.


Бұл пікірге Қарақат Әбілдинаның өкілі Қайсар есімді жігіт былай деп жауап берді.


"Біз ешкімге ештеңе дәлелдемейміз. Егер бұл бағдарламаны жаман деп ойласа, өзі жақсы бағдарлама құрсын. "Ана мен бала" бүкіл республика бойынша осы тақырыптағы жалғыз бағдарлама, эфирге шыққанына 3 ай болды. Енді келіп осы бағдарламаны жөндегісі келе ме? Негізі оған (Қарақатқа) кімнің не айтатыны бәрібір. Егер шын мәнінде осы мәселеге жаны ашып бара жатса (журналисті меңзеп) әлем бойынша бірінші орында тұрған еліміздегі балалар суицидімен айналыссын. Содан кейін бала бақшаларда болып жатқан былықтардың бетін ашсын. Балалар үшін еңбек етіп жүргенімізге 10 жыл болды. Соның біреуінде сол қыз шығып "Қыдырәлі мен Қарақат қана қазір істеп жатыр осы салада" деп бір ауыз сөз жазды ма? Сондай бағдарлама тағы қай жерде бар екен? Кім жүргізеді екен? Ол коммерциялық бағдарлама емес. Ол жерде жеткілікті кеңестер беріледі, түсіріледі, менің өзім де қатысып тұрамын", - деді ол.


Қарақаттың өкілі бұндай нәрселердің эфирден көрсетілуінде тұрған ешқандай сөлекеттік жоқ деп есептейді.


"Жалпы ол журналист қарындасымыз өзінің рейтінгісін көтеру үшін "анау екен ғой, мынау екен ғой" деген жалпылама әңгімеге көшкен сияқты. Әйтпесе ода тұрған не бар? Бір-біріне сыйлық беріп жатса? Сыйлықты жарты сағат бермейді ғой. 1 минут кетеді оған. Сақина берген күннің өзінде бір-бірін қуаттап жатса, құттықтап жатса бүкіл бағдарламадан тек соны көріп қалып па ол? Бағдарлама қазір 2 рет шығады. Ол ұрыс-керістің бағдарламасы емес. Ол шынымен де ана мен бала қарайтын, жұрт керегін табатын өте бағалы бағдарлама. Бізге көптеген хат келеді. Егер кем-кетігін іздейтін болсақ, бізде мыңдаған бағдарлама бар. Жалпы тәрбиеге ешқандай қатысы жоқ, ниетінің өзі дұрыс емес бағдарламалар толып жатыр. Содан келіп ол кісінің "Қарақат не айтты? Айгүлге не айтты?" деуі енді... Айгүл оның досы емес пе? Бағдарламада отырып ана мен балаға қатысты "балаң көп болсын, тезірек күйеуге ти" дегенде тұрған не сорақылық бар? Бұдан қандай қылмыс көріп тұр ол кісі?" - деді Қайсар.


Today.kz.


 




Көрілген: 1562    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.01.2018, 19:06

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
мамыр
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31