Қарғыба, Базарым-ай٭.......

Қарғыба, Базарым-ай٭.......

1868 жылғы қайта жасақтау қарсаңындағы Семей облысы Зайсан уезі құрамындағы Мұрын болыстарының бірі – «Қарғыба» болысы еді. Кезінде Көкпекті округі тұсында «Назар-Мұрын» болысы аталынып, Тана Тілемісов, одан кейін Жасаңбай Дүйсенбин сияқты ел ағалары басқарған болыс атауы, кейінгі болыстардың географиялық орналасу жағдайына байланысты аталу кезеңінде «Қарғыба», «Баспан-Базар» болып өзгертілгенді.
Ел аузында «Мүрсәлім болыс тұсында» - деп басталатын әңгімелерге арқау болатын, жоғарыдағы болыс өмірінде маңызды орны бар тұлғалардың бірі – Мүрсәлім Бектенев еді. Бектеневтің 20 жылдан аса ел билігін тізгіндеген кезінде мөрі басылып, қолы қойылған, түрлі жағдаяттардан хабардар етер іс-қағаздар орталық мұрағатта жеткілікті. (Іс-қағаздарының барлығында аталынған болыс «Кара-бугинский», «Карабугинский» делініп орыс тіліне икемделген түрінде жазылады. Жоғарыдағы сурет). Есімі елдің есінде көрегендігімен, шешендігімен, жомарттығымен сақталған болыс басқарушысы құрметімен аталынған жер-су атаулары да баршылық. Мүрсәлімнің патша үкіметінің де арнайы сый-сыяпатынан құр алақан еместігі мұрағат істерінен байқалады.
Ақындарымен-батырларын ардақтаған сол заман жайындағы әңгімелердің бірінде, есімі күллі Мұрын еліне аян Кәрібай ақынды Мүрсәлім болыс ақындығын сынау мақсатында үйіне арнайы шақыртыпты деседі. «Ассалоумағалейкум!» - деп табалдырықтан енді аттай берген Кәрекеңді болыс тоқтатып, «Шын ақын болсаң төрт түлік малды жырлап бірақ төрле!» - деген екен. Сонда ақын иықтағы домбырасын жұлып алып, қағып-қағып жіберіп, төмендегідей ағытылып қоя беріпті -
Қып-қызыл, қызыл алтын қойдың жүні.
Жылқының қымызының бар ма міні
Орамсыз әншейінде болғанымен,
Түйенің салтанаты көшкен күні.
Ешкінің лағыныңжақсысын-ай,
Үйіңе жеңіл қонақ қонған түні.
Кер шарамен толтыра бір қатық ішсең,
Бәрінен сиыр озар күзді күні.

Мәнді сөзіне ризашылығын білдірген болыс Кәрібайды төрге шығарып қонақ қылып күтіп, кетерінде иығына шапан жауып, астына ат мінгізіпті.
Шен-шекпеннен көрі елдің қамы толғандырған болыс басқарушысы 1916 жылғы дүрбелең тұсында «Ақ патшаға окоп қазуға әскер бермеймін, қажет болса қолға қару алып бірігіп соғысамыз!» - деп патша жарлығына қарсылығын білдіріп, жағдайдың ушығатынын сезініп, соңындағы елін ертіп бір-ақ түнде «арғы бет» асып кетеді. Жырақта жатып елін, туған жерін аңсап, тарихи мәні бар: -
Ежелден жиын жері, Базар-Баспан,
Қысылып барушы еді оған сасқан.
Сол таудан қашып кеттік карамастан,
Шошынып мылтық алған біз орыстан, -

деген жолдары бар «1916 жыл» атты дастан жазған. (Есенғазы Сағынбаевта сақтаулы. Қазір Алматыда тұрады). Патша үкіметі құлағаннан кейін еліне қайта оралған. Мүрсәлімнен кейін ел билігі үлкен ұлы Заманбекке өтеді. Жаңа орнаған үкіметтен де халыққа жақсылық бола қоймайды. 1932 жылғы ашаршылық тұсында олда елін ертіп «арғы бет» асуға мәжбүр болады.
Бертін елге оралған, бабалары сол кезеңдердің куәсі қазіргі Ақсуат ауылының тұрғыны Айтқали Нұрмоллаұлының зеректігімен есіне сақтаған әңгімелері сол жылдардың жаңғырығын толықтыра түспек. Ал қандасымыздың орындауындағы «Сағындық», «Қос Заманбектің зары», «Туған жер» т,б күйлері өнер, тарих зерттеушілері үшін таптырмас баға жетпес олжа!
«Қос Заманбектің зары» - атты күйдің шығу тарихына қысқаша тоқтала кетсек. Жоғарыда аты аталған Заманбек болыс Тарбағатайды асқанда «болыс қашты» - деген қалың әскердің қуғынына ұшырайды. Шаған-Тоғай арқылы шекара асып болғанша ерген елдің оққа ұшқаны бар, аштан қырылғаны бар үштен бірі ғана тірі қалады. Сол босқындардың ішінде Қайрақбайдың дарынды шәкірті Заманбек деген күйші де болған. Аман қалғандардың басын қосып, ақсарбас сойғызып Заманбек болыс өзіне аттас күйшіге осы кезеңді суреттейтін, кейінгіге мұра етіп қалдырарлықтай күй шығаруын тапсырады. Содан келіп «Қос Заманбектің зары» деген шығарма туындаған. Айтқалидың орындауындағы аталған күйді тыңдағанда: көз алдыңа бір сәт, қилы-қилы заманды,
Қарғыба, Базарым-ай,
Қалың елім, Назарым-ай

-деп босқан елді, елім-жерім деп, ет жүрегі елжіреп еңіреген ерлерді елестетесің...
٭Қатарлас ағатын өзен аттары.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста