Өркениет

Қарин Ұлттық арнадан берілген «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» сериалына қатысты дауға жауап берді

  • © Baq.kz

    © Baq.kz

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында "Qazaqstan" ұлттық арнасынан 6 сериадан тұратын "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" фильмі берілген болатын. Баян Мақсатқызының продюсерлігімен экранға жол тартқан кино көрерменнің сынына ұшыраған еді. Бүгін ұлттық арна басшысы Ерлан Қарин осыған орай сынаушыларға жауап берді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.


Өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазғанындай Ерлан Қарин бұл көркем фильм болғанымен, сериал екенін де ескеру керектігін айтады.


"Кешелі бері «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» телехикаясы жайлы пікірлеріңізді көріп, естіп жатырмыз. Ұнатып жатқандар да, ұнатпай жатқандар да бар. Дегенмен, өзіміздің отандық телеөнімнің шығып, осындай резонанс тудыртып, телехикаяға деген үлкен қызығушылық танытып жатқандығы қуантады. Себебі, қаншама жылдар бойы отандық телеарналарда шетелдік телехикаялардың саны басым болып келді. Енді, міне көрермендерге өз өнімдерімізбен шығып жатырмыз. 2009 жылдан бері біздің корпорация 80-ге жуық отандық телехикаяны көрермен назарына ұсыныпты. Біз бұл жұмысты әлі де жалғастырудамыз. Биылғы жылдың өзінде мелодрама, драма, тарихи немесе экшн жанрларындағы телехикаяларды түсіруді қолға алдық. Қазіргі мақсатымыз көрерменге әр түрлі жанрдағы контент ұсыну" - дейді Ерлан Қарин.


Оның айтуына қарағанда, сериалда кемшілік жоқ деп кесіп айтуға болмайды.


«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» телехикаясына келсек, әрине кемшіліктер бар, белгілі бір сәйкессіздіктерді де жоққа шығармаймыз. Бірақ та, сонымен қатар, бұл кино емес телехикая екенін де ұмытпағандарыңыз жөн. Және де бұл өте шағын телеxикая. Сондай-ақ, шын мәнісінде телевидениеде немесе кино саласында болсын толықтай бір сәйкестік болу керек деген қатып қалған талап жоқ. Тіпті, әлемдік деңгейдегі әдеби шығармаларды да экранизациялағанда неше түрлі пікірталастар орын алып жатады. Дегенмен осындай тарихи туындылар керек. Ал орын алған түрлі қателіктерді алдын алу үшін біз аутсорсинг компаниялармен жұмыс жасау тәртібін өзгертетін боламыз, оны жақында келісіп қойғанбыз, сосын телехикаяларды қабылдау бойынша көркемдік кеңестің жұмысын да қолға алмақпыз. Біз сіздердің барлық пікірлеріңізді ескерудеміз. Болашақта да көрермендер мен мамандардың талаптарына сай өнім дайындауға ұмтылатын боламыз" - дейді корпорация басшысы.


Сонымен қатар арна басшысы бұл сериалдың жастар арасында үлкен сұранысқа ие болғанын алға тартады.


"Ал, бізге келіп түсіп жатқан өлшемдерге сәйкес, бұл телехикая жастар арасында үлкен қызығушылық тудыртты және көрсетілім деңгейі өте жоғары көрсеткіштерге ие болды. Ең бастысы, алдағы уақытта одан да қызықты және сапасы жоғары туындылар күтіп тұрғанын айта кетейін. Атап айтқанда, қазақ зиялыларының Азаттық үшін күресі мен өмірін бейнелейтін 14 бөлімді «Тарзаман» телехикаясының түсірілімі аяқталды. Оны алдағы жылдың басында Сіздерге ұсынатын боламыз. Ұлттық арнаның телеөнімдерін қарап, үлкен қызығушылық білдіріп отырғандарыңызға рахмет!" - деп жазады Ерлан Қарин өз парақшасында. 




Көрілген: 1741    Пікірлер: 0

сенбі, 30.12.2017, 21:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31