Өркениет

Қайрат Нұртас ауыр дертке шалдыққан қыздың арманын орындады

  • Қайрат Нұртас ауыр дертке шалдыққан қыздың арманын орындады

    Қайрат Нұртас ауыр дертке шалдыққан қыздың арманын орындады

Қазақ эстрадасының танымал жұлдызы Қайрат Нұртас ауыр дертке шалдыққан Айдана есімді қыздың өтінішімен Педиатрия орталығында болып, халін білді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Жақында ғана отадан шыққан Айдана сүйікті әншісін бір көруді армандапты. Кішкентай жанкүйерімен танысқан әнші Айданаға және барша онкогематология бөлімінде ем алушы балаларға ақ тілегін білдіріп, тез сауығып кетулерін тіледі. Әнші басқа бөлмелерде жатқан балалардың да қал-жағдайларын сұрап, әңгімелесті.


«Кішкентай қыздың бір ауыз тілегін орындаған Қайрат Нұртасқа және кездесуді ұйымдастыруға мұрындық болған «Амила» қорына алғысымызды білдіреміз. Ниеті мен тілегі қабыл болсын! Бұл кездесу балалардың сырқаттан сауығып кетулеріне септігін тигізеді деген үміттеміз. Ата-аналарына төзімділік пен сабыр, сенім мен үміт тілейміз! Дүниеде ешқандай сәби ауырмасын, ауру атаулы ананың көңіліне қаяу түсірмесін!


Қайырымды, мейірімді, кең пейілді болу қазақ халқының қанында бар қасиет. Бұл дүниеде ананың көз жасы мен баланың ауырғанын көруден артық қасірет жоқ. Мұндай тағдырды ешкім өзіне тілеп алмайды. Әр жүрекке мейірімділік, ізгілік, адамгершілік тәрізді асыл қасиеттерді ұялату, қиналған жандарға қолдау көрсету, тағдырдың жазуымен жаралы болғандарға жәрдем беру әрбір азаматтың парызы», - дейді дәрігерлер.


 




Көрілген: 1626    Пікірлер: 0

жұма, 09.02.2018, 22:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31