Өркениет

Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова жас кезінің естелігімен бөлісті

  • Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова жас кезінің естелігімен бөлісті

    Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова жас кезінің естелігімен бөлісті

Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова жас шағының естелігімен бөлісті. Продюсер естелігін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.


«Негізі тұрмысқа шығарда 60 кг болғанмын. Аяқ, қолы балғадай екен келіннің дегенді де естігенмін. Қайратты босанған соң, қуанышым қойныма сыймай, тау қопарғандай сезімде болып, күні-түні ұйқыны ұмытып, бетіне қарап отырушы едім. Көзіме бір ғажайып болып көрінді де тұрды. Дыбысын шығарып жылатпауға тырыстым.Қозғала қалса емізіп, бесігін шайқап. Бір күні ішіне жел қармасқан болу керек шырылдап жылады. Сасқалақтап не істерімді білмеймін, өзім қосыла жылап жүрмін, еш көнер емес. Басын уқалай бастадым. Марқұм,жаны жәннәтта болсын, енем келіп басын уқалағаны несі деп аң-таң. Сол кезде аңғалмыз ба қайдам, апа басы ауырып жатқан сияқты десем,енем: О заманда бұл заман жаңа туылған баланың басы ауырушы ма еді деп күлімдеп қарады. Ішін маймен сылап, баланың ішін төмен қаратып жаймен уқалау керек екен. Айтайын дегенім, сол тынымсыздығымнан, бір айға жетпей 16 кг тастадым. 44 кг-ға бір-ақ түскенімді білмей қалдым. Толықтау көрінейін деп шашымды бұйраладым. Сол азғанымнан, мен үшін толу арман болып,әрең дегенде 30-ға келгенде орныма келе бастадым. Мынау сол арыыыық кезімнен естелік қой. Нұрекең екеуміз Абай көшесінен жаңа үй, есіктің алдында жүрсін деп ит алып,бақытты болып отырған сәтіміз ғой»-дейді.


Дереккөз: Reactor




Көрілген: 1511    Пікірлер: 0

сейсенбі, 23.01.2018, 15:28

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
мамыр
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31