Өркениет

Қайрат Түнтеков «I`m a singer Kazakhstan» жобасында елді жылатты (видео)

  • © reactor

    © reactor

I am a Singer жобасының жетінші кезеңінде Қайрат Түнтеков француздың Sos Dun Terrien әнін шырқап тұрып, көзіне жас алды және көрермен қауымды жылатты.


Орындау барысында даусы дірілдеп, әнді әрең дегенде аяқтаған Қайрат бұл қылығы үшін қалың елден кешірім сұрады. Өмір мен өлім туралы сыр шертетін бұл туындыны өмірден ерте озған қарындасына арнағанын айтып ағынан жарылды.


“3-4 ай бұрын, ораза кезінде өмірден кеткен қарындасыма осы әнді арнағым келіп отыр. Белгісіз бір аурудан 11 жасында өмірден өтті. Өзі талантты, ән де айтатын, билейтін де. Алла Тағала көп ұстамай, алып кетті. Айтудың өзі қиын болып отыр. Сондықтан осы әнді бір орындасам, өзіме де бір жеңіл болып қалады деген ойдамын”, – деп түсіндірді Қайрат.


SuperStar KZ байқауының екінші кезеңінің жеңімпазы жобаның бұл кезеңінде ең жоғары көрсеткішке қол жеткізіп, бірінші орынды иеленді.



Естеріңізге сала кетейік, I’m a Singer талант-шоуының қазақстандық нұсқасы 31 арнада өтіп жатыр.


Қайрат Түнтеков жобаға бесінші айналымнан бастап қосылды. Шоуды ұйымдастырушылар оның қатысатынын ұзақ уақыт құпияда ұстап, Қайраттың жанкүйерлері үшін күтпеген тосынсый жасады.


Қайрат Түнтеков жобаға келе салысымен: "Мен жеңу үшін келдім!" деп жар салған болатын.



Бір кездері өзінің саф, күміс көмей даусымен әнді жүректерге жеткізе шырқап, өнер сүйер қауымның жүрегін жаулап, халықтың сүйікті әншісіне айналған Қайрат Түнтеков бұл байқауда жеңіске жете ала ма, жоқ па, оны алдағы уақыт көрсетеді.


reactor

 




Көрілген: 2236    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 09.11.2017, 13:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30