Өркениет

Қайрат Түнтековтің анасы ұлының қарызы туралы шындықты айтты

  • Қайрат Түнтековтің анасы ұлының қарызы туралы шындықты айтты

    Қайрат Түнтековтің анасы ұлының қарызы туралы шындықты айтты

Ешқандай құжатсыз көлікке отырып, жол-көлік оқиғасына себепкер болған әнші Қайрат Түнтековтің анасы Ғалия Әнуарқызы ұлының қарызынан қалай құтылғанын айтты. Бұл туралы әншінің анасы «Айта берсін» бағдарламасына сұхбат берді. Сот сол кезде әншіден ауыр жарақат алған жәбірленушіге 40 мың доллар айыппұл төлеуді талап кеткен болатын.


«Мұны бірден шешуге болар ма еді. Бастапқыда біз ештеңе білмедік. Өйткені Қайрат өзінің салмағын, жауапкершілігін біреуге артқысы келмейді. Бізден бұл оқиғаны жасырған. Бәрін өзі шешемін деп ойлаған. Біз теледидардан білдік. Бастапқыда қара пиар болар деп ойладық. Біз уайымдамас үшін ол барлық нәрсесін жасырады. Бәрін өзі реттегісі келеді. Әдеті сондай.


Сот шетелге шығуына тыйым салды. Ол шетелге шықпаса қарызын қалай қайтарады? Оны Америкаға, басқа елдерге шақырды. Жақында ғана қарызды жауып, тыйым алынды. Бастапқыда ірі сомада, кейінірек азайтып төледі.


Адамдар әлі күнге дейін бұл оқиғаның қолдан жасалғанын айтады. Мүмкін ол жақсы әнші болғандықтан шығар. Түрлі тілде кез келген әнші ән шырқамайды ғой. Бір-екі күнде кез кемлген тілдегі әнді жаттап, айтып шығу кез келгеннің қолынан келмейді ғой»-дейді Ғалия Әнуарқызы.


Ал әншінің өзі болса еңсесін тіктеп, тірлігін жалғастыруда.


«Бір жүк түскендей болды. Алланың бұйыртуымен осындай дәрежеге де жетіп жатырмын. Адамда, әр ер азаматта қайсарлық болуы керек»-дейді Қайрат.


kaz.365info.kz




Көрілген: 2560    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 21.12.2017, 21:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Қаңтар, 14:33
    Азамат

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31