Қазақ әртістері, түріктің сериалдарын тамашалаңдаршы, өтініш...

Қазақ әртістері, түріктің сериалдарын тамашалаңдаршы, өтініш...

«Екі көзің Назарда, сиырың сенің базарда...»
Бүгінде түрік сериалдарының дәуірі жүріп тұр. Алғаш 2000 жылдары түрік сериалдары бастау алған тұста «Бериван», «Асау жүрек», «Қыналы қар» сынды сериалдар көрермен көңілін бірден жаулап алды. Кеш батса бітті көгілдір жәшіктің алдына жинап, қазық қылып қағып қойды десе де болады. Қандастарымыз Түркияға саяхаттамай-ақ сериалдар арқылы оның әр түкпірімен таныс десе де болады. Тіпті осы сериалдар түрлі анекдоттардың таралуына да түрткі болды. «Қыналы қар» басталғанда бәрі ұйып, үйден шықпайтынын білетін ұрылар ауылдағы бір үйді үптеп кетіпті. Тіпті көрші бөлмедегі кілемді сыпырып кеткенін де сезбеген ғой. Қулар кілем қағылған орынға үлкен етіп «Екі көзің Назарда, сиырың сенің базарда» деп жазып кетіпті... Одан бері де кәрістің, үндінің сериалдары жаулап алды. Алайда көрермендердің түрік сериалдарына деген махаббатына кіреуке түсіре қойған жоқ. Осы жұрттың бәрі түріктің киноларына неге ынтық? Осының астарына үңіліп көрдік пе?..
Себебі...
Түрік әртістерінің өз жұмыстарына деген адалдығынан болар. Берілген рөлдерін ынты-шынтысымен беріле ойнайды. Өзі де сенеді, өзгені де сендіреді. Бірге жылатады, бірге күлдіреді. Басты рөлдегі әртістерінен бастап, тіпті есігінің алдындағы қосшысына дейін өз кәсібінің кемеңгері. Сосынғысын, сценаристерінің мықтылығын да мойындау керек. Шым-шытырық оқиғаларды шиеленістіріп, енді не болар екен деп еліктіріп қояды. Біз де кино түсіріп жатырмыз. Жоқ, жоқ деп зарлай беруге де болмас, бірақ олар неге көрерменнің көзайымына айналмай отыр?
Өйткені...
Біздің әртістер берілген рөлге жүрдім-бардым қарайды. Жасандылық басым. Жылата да алмайды, күлдіре де алмайды, жалпы ойынына сендіре алмайды. Біз де қандастарымыздың қазір қалай байып кеткенін көрсетейік дедік. Дедік те киноға арқау еттік. Бірақ ондағы басты кейіпкерлер ешкімді де сендіре алмады. Тіпті үй күтушілері де түрік сериалдарындағыдай қожайындарын дұрыстап өсектей де алмайды...
«Үтік қоссақ та, сол әртіс...»
Басқасын айтпай-ақ қояйық, соңғы көрсетіліп жатқан «Қара шаңырақты» алайықшы. Атына қарап «түһ, ақыры бір жөні түзу сериал түсірілген екен ғой» дескенбіз. Жоқ, қателесіппіз. Сценарий осал. Оқиғалардың бір-бірімен байланысы жоқ. Қиынды сияқты. Сосынғысын, қазақта ат құрып қалғандай Карина, Линдасы несі? Мұнда да сол баяғы әбден көзге сүйел болған әртістер. Анда да солар, мұнда да солар. Жалықтырып жібереді. Егер өз ісінің шебері болып халықты сендіріп ойнаса, ешкім де ренжімес еді ғой. Әбден болып, толған әртістер. Қарның ашады ойындарына. Одан гөрі Каринаның қызы - кіп-кішкене әртістің ойыны сендіреді қайта. Одан кейін темір торға түсіп қалған картақұмардың рөлі шынайы шыққан. Қазақ тілін енді үйреніп жүргендей тақпақтап сөйлейтіндері жүйкеңді жұқартып жібереді. Сериал ертерек бітсе екен деп отырасың...
Қырғыздардың «Құрманжан датқа» киносының үзіндісін көргенбіз жуырда. Мықты екенін сол үзінділер-ақ мойындатып тұр. Өзбек ағайындар да өздерінің комедияларымен бізді әлдеқашан-ақ шаң қаптырып кеткен. Біз қашан оянамыз сонда?

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста