Өркениет

"Қазақ аруы" кастингісіне келген қыздарды Баян Алагөзова қуып шықты

  • © Sputnik / Ксения Воронина

    © Sputnik / Ксения Воронина

«Қазақ аруы» қандай болуы керек?! Баян Алагөзова бұрымдылар арасында ауқымды кастинг жариялағанымен, ақылына көркі сай сұлуды таппай әбігерге түсуде. Өйткені іріктеуде қойылған сауалдарға мардымды жауап жоқ. Бұл туралы НТК арнасындағы «Ревю» бағдарламасында айтылды.


Сегізінші мәрте ұйымдастырылып отырған арулар байқауының қатысушыларға қояр талаптары қаз-қалпында қалғанымен, доданың шекарасы кеңеюде. Иә, осы жылы сұлулар сайысы халықаралық деңгейде өтеді. Яғни, Баянның жобасына Моңғолия, Ресей, Түркия, Өзбекстан және Қырғызстанда тұратын қазақ тілді қыздар да қатыса алады.


"Бұл идея қателеспесем осыдан 5 жыл бұрын туындаған болатын. Сол кезде, дәл осы сайысты халықаралық деңгейде өткізу керектігін ұқтым. Біз Қазақстандағы кастинг аяқталғаннан кейін, өзге елдегі іріктеуді бастаймыз. Жақын күндері сапарға шығамыз", — дейді продюсер Баян Алагөзова.


Іріктеуге келген үміткерлерге Қазақстан тарихынан сауалдар қойылып, ұлттық салт-дәстүрге және танымал тұлғалардың шығармашылығына шолу жасалады.


"Жеті қазынаны" атай алмайды ешқайсысы. Қара сөздің авторы кім деп сұрағанда, ойланып қалған кезде, «инфаркт» болып қала жаздайсың. Сосын көбісі өтірік айтады. Менің ең жек көретін нәрсем. Ол және көрерменге бірден белгілі болып тұрады", — дейді журналсит Перизат Мырзахмет.


Осы орайда біз де қатысушылар арасында арнайы сауалнама жүргізіп көрдік. Бұрымдылар 1995 жылдың 30-шы тамызында қабылданған ата заңымыздан да бейхабар болып шықты.


Жыл сайын 6-шы шілдеде Астана күні тойланатынын біледі ме екен?


Көп қатысушы бұл кастингтің бірінші кезеңінде-ақ тығырыққа тірелген. Бүгінде Баян бастаған команда әлі де лайықты үміткерлерді іздестіруде.


Sputnik


 


 




Көрілген: 1746    Пікірлер: 1
Пікірлерді оқу (1) preloader

сәрсенбі, 07.02.2018, 16:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28