Қазақ журналистикасының әлсіз тұстары неде?

Қазақ журналистикасының әлсіз тұстары неде?

 Қазақ журналистикасының даму кезеңі әлі де жаңаруды, тағы да іздене түсуді, дәлдікті, жылдамдықты талап етуде. Осы тақырыпта 300 газет-журнал мен 11 телеарна тіркелген Оңтүстік Қазақстан облысында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен семинар өтті. «Газеттің жұмысын қалай үйлестіруге болады?», «Оқылымды тақырыптарды табудың жолы қандай?», «Журналистік зерттеу жүргізу мен сұхбат алуда нені білу керек?» міне, осы және өзге де сұрақтар төңірегінде Шымкенттегі «Жастар орталығында» талқыланды.
Облыстық ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған басқосуда «Егемен Қазақстан» газетінің вице-президенті, бас редакторы Жанболат Аупбаев пен «Айқын» газетінің бөлім меңгерушісі Гүлзина Бектасова Оңтүстіктегі әріптестерімен тәжірибе алмасып, ой бөлісті. Семинарды басқарма басшысы Берік Құрманғали ашып, жүргізіп отырды. Республикаға танымал, тың тақырып табудың хас шебері Жанболат Аупбаев алдымен «Егемен Қазақстан» газетін мысалға ала отырып, газет жұмысын үйлестіру туралы баяндады.
Жанболат АУПБАЕВ, «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы:
–Газет шықпай тұрып оның нобайы жасалады. Оны басшымыз бекіткен соң мақалалар орналастырылады. Ақпараттардың орналасу тәртібі Елбасы, Үкімет сосын Парламент болып жүйеленеді. «Толғандырар тақырып» , «Араша», «Жанайқай» айдарларымен өзекті мақалалар да бірінші беттен басталады. Сосын облыстардағы тілшілеріміздің маңызды ақпараттары беріледі. Газетті түгел ресми және саяси мақалалармен толтыруға болмайды. Сол үшін басылымның әрбір санында кем дегенде мәселе көтерген әрі оқырманды баурайтын 3-4 мақала болуы тиіс. Бізде әрбір тілші жұмыс жоспарын өткізеді. Жоспар – газеттің жаны. Оқылымды әрі зерттеу мақалалар жиналған соң ретімен газетке жарияланады. Журналистер құр қысқа ақпараттармен, жиналыстарға қатысумен ғана шектеліп қалмауы керек. Олар әрқашан ізденіс үстінде жүрсе ғана бағы жанады.
3 миллионнан астам тұрғыны бар Оңтүстік өңір үшін бұқаралық ақпарат құралрадының маңызы өте зор. Оның ішінде, газеттің алар орны ерекше. Ол—әуелі жаңалықпен танысу, сосын ағартушылық міндет атқарады. Шара барысында елдің бас газетінің бас редакторы газет бетінде елді елең еткізетін тың тақырыпты табу жолындағы өз тәжірибелерін де ортаға салды.
–Мемлекет басшысы немесе министрлердің баяндамаларындағы фактілердің арасында өрбітіп ала кететін ойлар көп. Зерттеп, тарқатып жазсаң керемет мақала болады. Оқырман хаттарында да зерттеуге сұранып тұрған мәселе көп. Радио мен телеарнадан естіген жаңалықты кеңінен зерттеу, ұлы адамдар туралы мемуарлар мен деректі кітаптарда да оқылымды мақалаға айналдыратын деректер табылады. Сонымен қатар өзің тұратын қалаға танымал адамдар келіп қалған кезде олардан дереу сұхбат алған жөн. Бұл таптырмас олжа. Шетелге, өзге облыстарға барған сәтте де сергек жүрсең неше түрлі тақырып табасың. Қалалардағы, аудандардағы мұражай экспонанттарын зерттей түссең де, жұрт сүйсіне оқитын деректер жазасың. Қысқасы, журналист әрқашанда ойы сергек, көңілі зерек болып, әрбір іссапар мен кездесулерден ой түйіп, ақпараттарды зерттеп жүргені дұрыс. Журналистің қаруы – қаламы мен ізденімпаздығы, - деді Жанболат Аупбаев.
Түрлі мысалдар келтіріп, жас журналистердің сұрақтарына жауап берген майталман журналист: «Мұқият оқысаңыз, «Егемен Қазақстанда» да сыни мақалалар жеткілікті. Цензура жоқ. Бізде жарияланған мақалалардан кейін біраз мәселелер шешімін тауып жатыр. Кейбір шенеуніктер қызметінен шеттетілді. Бір нәрсені ұққан жөн. Сыни мақала шыға салысымен бірден нәтиже болмайды. Кейбір жұмыстар біраз уақыт өткен соң атқарылуы мүмкін. Ең бастысы, сын байыпты әрі салмақты жазылуы тиіс. Сынаудың жөні осы екен деп шенеуніктерді ащы сөзбен тоқпақтап ұра беруге де болмайды», - дей келе газеттің таралымын арттыру бағытындағы «құпияларымен» де бөлісті.
Семинарда «Айқын» газетінің бөлім меңгерушісі Гүлзина Бектасова «Бұқаралық ақпарат құралдары арасында журналистік зерттеу және сұхбат алу» тақырыбы бойынша ой қозғады.
Гүлзина БЕКТАСОВА, «Айқын» газетінің бөлім меңгерушісі:
–Қазір интернет-басылымдардың саны артуда. Ақпарат беру жылдамдығы артты. Бүгін жазбасаң, ол ақпарат ертең кеш болып қалады. Сондықтан кейбір әріптестеріміз жұрттың алдын орау үшін асығыстыққа барып, дәлелденбеген ақпаратты жариялап қояды. Мәселен, биыл 1 сәуірде бір сайтта Мұхтар Мағауиннің «Шахан сері» шығармасына Голивудта фильм түсірілетіні туралы ақпарат берілді. Оны еліміздегі бірнеше жетекші сайттар көшіріп басты. Сөйтсе, ол жалған әрі әзіл ақпарат болып шықты. Нәтижесінде әріптестеріміз ұятқа қалды. Міне, бұл бізде деректі зерттеу, тақырыпқа тереңдеп енудің аз екендігін көрсетеді. Мақала жазарда, сұхбат аларда сол тақырыпты немесе сұхбат беруші кейіпкерді терең зерттеп барып, іске кіріскен жөн.
Анығында, мұндай қателіктер соңғы кездері көптеп орын алуда. Мәселен, осыдан бірнеше уақыт бұрын Еуроспорт порталында Ақтөбе футбол командасы туралы да жалған ақпарат таралып кеткен тұғын. Әсіресе, мұндай шикі дүниелер әлеуметтік желідегі ешқандай қоғамдық талқылаудан өтпеген, расталмаған жеке адамдардың эмоциясын сол қалпы көшіріп басудан да туындап жатады. Сондықтан, ақпараттың дерек көзінінің шын-жалғандығына көз жеткізіп алғасын ғана жалпыға жария еткен жөн.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста