Қазақ өнерінің секс-символдары...

Қазақ өнерінің секс-символдары...

Қазіргі таңда шоу-бизнес, кино, спорт, басқа да көптеген салаларда бас айналдырар жетістікке жетіп, миллион қыздың арманына айналған ер адамдарды нәзікжандылар «секс-символ» деп атайды. Қазақшалап айтсақ, нағыз еркек деген мағына білдіреді. Әрине, әр замандағы қыздардардың өз идеалдары бар. Айталық, осыдан біраз уақыт бұрын үндінің фильмдерін сүйіп көретін қыздар үшін Митхун Чакрабортиден асқан жігіт болмады, енді біреулер Мұстафа Өзтіріктей жігіттің төресіне ғашық болды, бертін келе Мейрамбек Беспаев мыңдаған арудың арманына айналды.

«Алаш айнасы» өз заманының мықтысы болған, талай жүректерді жаралаған сымбатты да, білекті, білімді ер азаматтардың тізімін жасау мақсатында қыз-келіншектер арасында сауалнама ұйымдастырған еді. Осы сауалнамаға сәйкес біз қазақ өнерінде өзіндік орны бар, есімі жиі аталатын ерлердің тізімін жасадық. Осы тізімге қарап бірнеше буынның талғамын байқауға болады. «Қыз жақтаған жігітті ел жақтаған» демеуші ме еді...

Асанәлі Әшімов, актер. Экранда жағымды да, жағымсыз да рөл ойнап, барша жұртшылықты өнерімен сүйсіндірді. Асекеңе қолы жетпеген қыздар қаншама....

Досқан Жолжақсынов, актер. Қыздар оған магниттей тартылатын.

Құман Тастанбеков, актер. Төлегеннің рөлінде ойнаған Құман Тастамбеков қазақтың Жібегін бақытты етіп қана қоймады, талай қыздың көз қуанышы болды.

Нұрлан Өнербаев, әнші. Әдемі жүзі, әсерлі дауысы қыздардың жүрегін елжіретті. Нұрекеңе ғашық қыздар әлі де бар.

Мейрамбек Беспаев, әнші. «Алғашқы махаббат» секілді жүректен жүрекке жететін әндерімен талай қызды өзіне ғашық етті. Мейрамбектей жігіттен бір бала тусам деген қыздар да болған...

Тоқтар Серіков, әнші: «Көршінің қызын» шырқап жүріп өзіне қыздарды тәнті қылды.

Мұқасан, әнші: Қасы қосылған сымбатты жігіттің өнеріне де, өзіне де қыздар ғашық болмаған қыз жоқ.

Берік Айтжанов, актер. «Ағайынды» фильмінде тамаша жігіттің рөлінде ойнаған жігітті қыздар тіпті әйелінен қызғанған еді...

Жұбаныш Жексенұлы, әнші. Ерекше дауысты әншінің түр-келбеті де тамаша, Бой десе бойы, ой десе ойы бар.

Қайрат Нұртас, әнші. 2006 жылы 17 жасында «Арман» атты әнімен атағы шыққан Қайраттың үйленгеніне оған ғашық миллиондаған қыз әлі де сенгісі келмейді...

Рахат Тұрлыханов, әнші: Көлікпен жол ережесін жиі бұзса да, бозбала шағында оның орындауындағы «Асыл әжем», «Азем», «Бір тамшы жас» секілді әндері хитқа айналып, қыздардың назарына ілінген жігіттің бірі...

Нұрлан Әлімжан, актер: Сымбатты, ақылды, сыпайы, қысқасы супер. Өзі Елбасының рөлін ойнап өзіне ғашық қыздардың санын одан ары арттырды... 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста