Алаш баласы, айнаңа қара!

жұма, 24.03.2017



Өркениет

Қазақ радиосы – Қызылағашта

Қазақ радиосы мен «Шалқар» радиосының ұжымы 25 шілде, жексенбі күні апаттан зардап шеккен Қызылағашқа арнайы ат басын тіреді. Халық әндері мен әдемі әзілге сусап жүрген халықтың мерейі үстем болды.


Қазақ радиосының тілшілері Қызылағашқа алғашында қайғылы оқиғадан кейін ауылдың хал-ахуалын көзбен көріп, тікелей репортаж жасау мақсатында барған еді. Бұл жолы журналистер мен әншілер су тасқынынан қан жұтқан халыққа қайырымдылық концертін ұсынып, зар жылаған жүректерге тамшыдай болсын демеу көрсетуді мақсұт етіпті. Микрофон мен домбыраны жан серігі еткен тілшілер мен әншілердің басын қосып апарған Көпен Әмір-Бек те ауыл халқын қағытпа қалжыңдарымен қыран-топан күлкіге батырып, жабырқау көңілдерді бір көтеріп тастады.


Көпен ӘМІР-БЕК, «Шалқар» радиосының жетекшісі:

– Алғаш рет наурызда апатқа ұшыраған ауылдың хал-ахуалын көргенде, жүрегіміз сыздап еді. Апат та алапат соғыс сияқты. Қираған үй, үйлердің үйінділері ғана қалған. Екінші рет келгенде ауылдың жаңа заманға сай қалашыққа айналғанын көріп таң қалдық. Бұл – қызыл сөз емес. Қызылағаштағы үйлер қораптағы шоколад сияқты. Жолдар тегіс асфальтталған. Ауылдың үлкендігі соншалық – келгенде мәдениет үйін таппай біраз жүрдік. Демеушілік – қазақтың қанына сіңген қасиет. Мұны асар деп атайды. Асардың арқасында жарты мыңнан астам тұрғын үй тұрғызылып, біз келген күні Қызылағаштың қыз бен жігіті отау тігіп, үйлену тойын жасап жатыр екен. Міне, бұл – ұрпақ жалғастығы. Біз осы ауылға өнерімізді шашудай шаштық.


«Шалқар» ұлттық арнасында істейтін әнші-журналистер Ерлан Рысқали мен Жасұлан Базарбековтен басқа, Талғат Әбуғазы, Арайлым Мамырбекқызы, Әйгерім Нартүйеева, Гүлім Алшынова, Бекзат Әбілдин сынды дәстүрлі әншілер су жаңа мәдениет үйінде халық әні мен халық композиторларының әндерінен шашу шашты. Адамның мұң-шерін тарқатар қасиетті қазақ музыкасы қызылағаштықтардың да жанына медеу болды. Осы сәрсенбіде ауылдың ең соңғы үйі табыс етіліп, халық жаппай қоныс тойын тойламақшы. Жиренше шешендікіндей жертөледе тұрсақ та, жан тыныштығына жетер не бар?! Құдай елімізді апаттан сақтасын!




Көрілген: 1190    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сейсенбі, 27.07.2010, 08:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31