Өркениет

Қазақ радиосы мен «Заңғар» шығармашылық бірлестігінің ұйымдастыруымен Қазақ радиосының 90 жылдығының аясында өтетін «Тәуелсіз елдің жастары жырлайды» атты жас ақындардың жыр мүшәйрасының ЕРЕЖЕСІ

Мүшәйраның мақсаты:

қазақ жастары арасында отан­сүй­гіштікті кеңінен насихаттау, өскелең ұр­пақ­тың өн бойына ұлттық рухты сіңіруге, Тәуел­сіздікті терең сезінуге және Қазақ­станның мерейін арттыруға әсер ету.

Мүшәйраның міндеті:

жас дарындарды анықтау, олардың шығармаларын тарихи Отаны – Қазақстан аумағында насихаттау.

Мүшәйраның шарты:

мүшәйраға 18-30 жасқа дейінгі жас ақын­дар қатыса алады. Автордың шығар­ма­сы ешбір жерде жарияланбаған болуы керек.

Бір ақынға үш өлеңмен қатысуға болады.

Бірінші өлеңі – Қазақ радиосының 90 жылдығына арналуы керек (міндетті);

Екінші өлеңі – «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» тақырыбында;

Үшінші өлең – әзіл-қалжыңды өлең болуы қажет.

Мүшәйраға қатысушыларға қойы­ла­тын талаптар:

1. Өзі жайлы нақты ақпарат (жібе­рі­летін өлең мәтінінің астына автордың толық аты-жөні, өмірбаяны, байланыс те­ле­фондары, тұрғылықты мекенжайы көрсетілуі шарт).

2. Кәсіби деңгейде түскен 10х15 фото­сурет.

Әділқазылар алқасының шешімімен жеңімпаздарға үш дәреже бойынша жүлде тағайындалады:

Бірінші жүлде - 1

Екінші жүлде - 1

Үшінші жүлде - 1


Ынталандыру сыйлығы – 3

Мүшәйра жеңімпаздары лауреаттық дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Сонымен қатар үздік шығармалар Қазақ радиосының 90 жыл­ды­ғына арналған «Тәуелсіз елдің жастары жыр­лайды» атты жас ақындардың кітабына енеді.

Ақындар өлеңдерін «Мүшәйраға» деген атпен 2010 жылдың 31 жел­тоқ­са­нына дейін мына мекенжайға жібере алады:

Алматы қаласы, Достық даңғылы 114-үй, 154-бөлме.

Байланыс тел.: 8 (727) 264 25 94.

Өлеңдерді электрондық поштаға жіберуге болады: kazradio_zangar@mail.ru




Көрілген: 1817    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 06.10.2010, 12:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30