Өркениет

"Қазақстан аруы" байқаудан ұтып алған жүлдесін қайырымдылыққа жұмсады (ВИДЕО)

  • "Қазақстан аруы" байқаудан ұтып алған жүлдесін қайырымдылыққа жұмсады (ВИДЕО)

«Қазақстан аруы-2018» Альфия Ерсайын байқауда ұтып алған 3 миллион теңгесінің бір бөлігін жағдайы төмен отбасылардан шыққан балаларға беріп, қайырымдылық жасады. Бұл туралы «Ақ Жайық» басылымы хабарлайды.


Атырау қаласындағы Мағжан Жұмабаев атындағы №1 мектептің 22 оқушысы Қазақстанның ең сұлу аруының қолынан сыйлықтар алды.


Мағжан Жұмабаев атындағы №1 мектеп директоры Гүлжан Қожахметованың сөзінше, Альфия балаларға көмектескісі келетінін бір ай бұрын айтқан. Мұнан кейін сынып жетекшілер мен ата-аналар біріге отырып, оқушыларға қажетті заттардың тізімін жасапты. Олардың ішінде рюкзак, спорттық аяқ киім, костюмдер мен басқа да заттар бар.


«Мектеп ұжымы мен ата-аналардың атынан Альфия Ерсайынға көп алғыс білдіреміз. Алдағы «Әлем аруы» байқауында сәттілік тілейміз», – дейді мектеп директоры.


Альфия ақын Мағжан Жұмабаевтың өлеңдерін сүйіп оқитындықтан, таңдауы ақынның есімімен аталған мектепке түсіпті.


Бойжеткеннің айтуынша, ол алдағы уақытта да қайырымдылықпен айналысқысы келеді. Өз кезегінде оқушылар Альфияға алғыс ретінде концерт ұйымдастырып, ән айтып, би биледі.



www.matritca.kz




Көрілген: 1098    Пікірлер: 0

жексенбі, 20.05.2018, 16:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30