Қазақстандағы ең «тиімді» некелер қандай? (фото)

Қазақстандағы ең «тиімді» некелер қандай? (фото)

Қазақстандық қалталы азаматтардың «тиімді некелерін» Comode басылымы тізбектеп шықты.
Данияр Кесікбаев — Нуриане Наджве

Қазақстандық Данияр Кесікбаев пен малайзиялық Нуриане Наджвенің некесі көпшілік назарына ілікті.  Нью Йорктегі Колумбиялық университеттің түлегі Данияр Малайзия премьер-министрінің қызына үйленді. Даниярдың анасы Майра Кесікбаева — президенттің бауыры Болат Назарбаевтың бұрынғы әйелі.

Майра Кесікбаева Болат Назарбаевпен 2010 жылы айырылысып кеткен. Наджиб Разактың қызы Нуриане Наджве – Джорджтаундық университеттің түлегі. Жастар бір-бірін АҚШ-тағы оқу кезінде жолықтырған. Премьер-министр жастардың некелесу рәсімін өзі ұйымдастырып, дүркіреген екі той өткізді.
Бейбіт Әлібеков — Данна Қарағұсова

Қазақстандық телерадио қауымдастығының басшысы, Bentley Kazakhstan клубының негізін қалаушы, First Media Group медиахолдингісінің басшысы Бейбіт Әлібеков Данна сияқты сұлуды кезіктіргеніне сене алмайтынын БАҚ-қа жиі айтып отырады. Бейбіт бұрынғы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлжан Қарағұсованың қызы Данна Қарағұсованы талай іс-шараларда жолықтырған.

Басында радиода қызметін бастаған Бейбіт пен Даннаның меншігінде медиахолдинг бар. Оған 1 арна, 4 радиостанция, 4 мерзімді басылым, веб-сайт пен 2 агенттік кіреді. Данна ұзақ уақыт Лондонда жұмыс істеді. Ал жолдасын жолықтырғаннан кейін жанұялық бизнеске көшті. Жұптың екі ұлы мен 2 жасар қызы бар.
Рахат Тұрлыханов — Жәмилә Әбілова

2000 жылдардың басында Рахат Тұрлыханов әнші ретінде танымал болатын. Оның әкесі – Семейдің бұрынғы әкімі, Қауіпсіздік кеңесі хатшысының кеңесшісі, Көлік және коммуникация министрінің кеңесшісі, ауыр атлетика федерациясының бұрынғы президенті.

Шығармашылық мансабын тоқтатқан Рахат саясатқа араласып, Ұлыбританиядағы Қазақстан елшісінің үшінші хатшысы және Ұлттық экономикалық палатада жастардың кәсіпкерлік департаменті директоры қызметтерін атқарды.

 

Жәмилә Әбілова оң жақта
Оның әйелі Жәмилә Әбілова – танымал саясаткер, меценат әрі бизнесмен Болат Әбіловтың қызы. Жәмилә Boulevard журналын шығарумен айналысады. Ал өткен жылы Mercedes-Benz Fashion Week Almaty кешінің негізін қалаушылардың бірі атанды. Қазірде Жәмилә — Алматыдағы Saks универмаг VIP-клубының директоры. Рахат пен Жәмилә ұзақ жылдар Лондонда оқып келді. Ал қазір екеуі Алматыда тұрады. Екі ұл мен бір қызы бар.
Айсұлтан Назарбаев — Әлима Боранбаева

Дариға Назарбаеваның 25 жастағы ұлы Айсұлтан Назарбаев «Сандхерст» корольдік әскери академияны бітіріп, бүгінде «Қазақмыс» корпорациясында жұмыс істейді.
Оның әйелі — Лондондағы Кортолд өнер университетінің түлегі Әлима Боранбаева. Әлима — «Қайрат» футбол клубын бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаевтың қызы. Жастар Лондондағы оқу кезінде танысқан.
Қайын ата мен күйеу баланы футболға деген ортақ қызығушылық байланыстырады.Айсұлтан ағылшындық «Портсмут» пен «Челси» футбол клубтарында ойнап, «Астана» клубының құрамында болған.
Той 2013 жылдың 31 тамызында Алматыдағы Royal Tulip мейманханасында өтті. Тойды Айсұлтанның атасы – Нұрсұлтан Назарбаев ашты. Қонақтар арасында танымал саяси тұлғалар мен қазақстандық, ресейлік жұлдыздар болды.

Ғалымжан Есенов — Айжан Есімова
Бизнесмен әрі «АТФ банкінің» иегері Ғалымжан Есенов Алматы әкімі Ахметжан Есімовтың қызына үйленді. 2000 жылдың басында «Сеймар» инвсетициялық тобын басқарып, 2013 жылда «АТФ банкі» директорлар кеңесіне төрағалық етті.

Айжан Есімова (оң жағында)
Айжан – қазақстандық қалталылардың кештеріне жиі қатысып отырады. Екеуінің жеке өмірі толық құпияда сақталуда. Тек ортақ ұл тәрбилеп отырғандары ғана белігілі.

Айдан Кәрібжанов – Мақпал Кәрібжанова

Танымал қазақстандық қаржыгер әрі экономист Айдан Кәрібжанов еліміздің топ 50 бизнесмендері қатарына кіреді. Ол Visor Holding серіктестігі директорлар кеңесінің төрағасы, Қазақстан-Франция іскери кеңесін қазақстандық тараптан төрағалық етеді.
Бизнесменнің әйелі Мақпал Кәрібжанова – бұрынғы модель әрі балерина. Қазірде Мақпал — денсаулыққа пайдалы тағамдар туралы бағдарламалардың авторы.  Жұптың ортақ үш баласы бар: қыздары – Ясмин мен Иман-Аймек және ұлы Жан. Мақпал әйелдің басты міндеті сүйіктісін махаббатқа бөлейтін бақытты, сұлу жар болу деп санайды.

«Әйелдің қасында жылы әрі жайлы болу керек. Бұны өз жұмыстарың деп санай беріңдер. Онсыз ер кісі мен әйелдің қарым-қатынасы сақталмайды. Әйелдің эмоционалды жай-күйі қашанда жарқырап, тартып тұруы керек», — дейді Мақпал.
Марко Ауджелло — Карина Сәрсенова

Қазақстандық жазушы Карина Сәрсенова – поэзиялық және прозалық шығармалардың авторы. Карина — «Маңғыстаумұнайгаз» қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы, қазақстандық кәсіпкер Рашид Сәрсеновтың қызы.

Оның күйеуі Марко Ауджелло KS-production продюсерлік орталығының басшысы. Марко Қазақстанға Италиядан келіп, қазірде итальяндық мәдени орталықты басқарады. Марко Каринаның шығармашылығын байқап, ортақ жоба бастау ұсынысынан кейін онымен жылы қарым-қатынастар орнағанын айтты.
Радий Мұхамеджанов – Әсел Сағатова

Актриса Әсел Сағатованы көпшілігі тележобалар арқылы таниды. Алайда оның күйеуі Радий Мұхамеджанов туралы көбі біле бермейді.
Ол — бұрынғы Экология министрі Қамалтин Мұхамеджановтың ортаншы ұлы. Қазірде Радий бизнеспен шұғылданады. Оған дейін ұлттық қауіпсіздік комитетінде қызмет еткен. Екеуінің отау құрғанына 4 жыл болды. Ортақ Алдияр есімді ұлдары бар. Әсел Сағатова күйеуі туралы сирек айтады.

«Менің өмірім тұрмысқа шыққаннан кейін айтарлықтай өзгере қоймады. Күйеуім маған, жұмысыма түсіністікпен қарайды. Біздер әртістікке байланысты елімізде қалыптасқан менталитетке қарамастан тату-тәттіміз. Менің күйеуім мені қашанда қолдап, мақтан тұтады», — дейді Әсел.
Райымек Баталов — Ленара Баталова

Танымал кәсіпкер Райымбек Баталов қазақстандық 50 топ кәсіпкерлер тізіміне енген. Ол Raimbek Group холдингін иелік етеді. Бизнесменнің әйелі —  «Рахат-Лукум» тобының экс әншісі.  Жұптың ұш баласы бар.


Яков Букрис — Алла Машкевич

Алла Машкевич – танымал бизнесмен әрі меценат, Еуроазиаттық еврей конгресінің экс-президенті Александр Машкевичтің қызы. Күйеуі Яков Букрис – тунистік еврей отбасынан шыққан Ресейдегі хасидтердің қолдаушысы.

Александр Израильде тұрғанымен, қазақстандық ең бай адамдардың бірі ретінде Forbes рейтінгісіне жиі ілігеді.
Ілияс Храпунов — Мадина Әблязова

Алматы қаласының экс-әкімі Виктор Храпунов оппозициялық саясаткер әрі бизнесмен Мұхтар Әблязовтың құдасы. Оның ұлы Ілияс Әблязовтың қызы Мадинаға үйленген. Алматыда 2007 жылы той жасаған жұп некелерін мұсылман дәстүріне сай қидырған. Екеуінің ортақ екі баласы бар. Жұп Женевада тұрады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста