Өркениет

Қазақстандық әншілерді Жаңа жыл кешіне шақыру қанша тұрады?

  • © 7Kun.kz

    © 7Kun.kz

Алдағы мереке қарсаңында Sputnik Қазақстан тілшісі әртістердің өкілдерімен хабарласып, қазақстандық жұлдыздар қандай ақшаға және қандай талаппен қонақтардың көңілін көтеруге дайын екенін сұрап білді.


Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева жаңа жылдық корпоративтерде өнер көрсететін ең қымбат әртістердің көшін бастады. Әншіні шақырғысы келгендер қалтасынан 8-10 мың доллар ($1 үшін 335 теңге бағамымен 2 680 000 — 3 335 000 теңге) шығаруына тура келеді. Бұл ақшаға ол сахнада 30 минут болып, қонақтармен естелікке суретке түседі.


Рейтингтегі екінші орынды халықтың сүйікті әншісі Қайрат Нұртас иеленген. Қайраттың өнері 7 —10 мың долларға (2 345 000 — 3 335 000 теңге) бағаланады.


"KeshYou" тобының бұрынғы мүшесі, "Turkvision-2014" халықаралық конкурсының жеңімпазы Жанар Дұғалова сұранысқа ие әншілердің үштігін түйіндеді. Әртіс 5-6 ән айтқаны үшін 5-10 мың доллар (1 675 000 — 3 335 000 теңге) сұрайды.


Төртінші орынға таяуда дөрекілік танытып, басы дауға қалған әнші Төреғали Төрәлі жайғасты. Ол жаңа жыл кештерінде 8 мың долларға (2 680 000 теңге) өнер көрсетеді.


Үздік бестікке сондай-ақ Мақпал Исабеков кірген (5-8 мың доллар немесе 1 675 000 — 2 680 000 теңге).


"Золотой" хитінің орындаушысы Дильназ Ахмадиеваны 5-8 мың долларға (1 675 000 — 2 680 000 теңге) тыңдауға болады.


Ал Мәдина Сәдуақасованың гонорары 5 мың доллар (1 675 000 теңге) шамасында. Тағы мың доллар қосып берсе, әртіс жаңа жылдық кештегі қос жүргізушінің бірі болуға дайын.


Ерке Есмаханның "Жоқ-жоғын" тыңдағысы келетіндер 6 мың долларын (2 000 000 теңге) шығындауы керек.


Рейтингтегі тоғызыншы орыннан әнші Луина көрінді. Оның гонорары 3,5-6 мың доллар (1 200 000 — 2 000 000 теңге) аралығында құбылады.


Үздік ондықты Парвиз Назаров қорытындылады, оның корпоративтегі гонорары в 3,5-5 мың долларға (1 172 500 — 1 675 000 теңге) бағаланады.


"Пах-Пах" және "Алтыным" хиттерінің авторы Айқын Төлепберген 4 мың долларға (1 400 000 теңге) кештің көрігін қыздыруға дайын.


Әнші әрі биші Әли Оқапов кештің құрметті қонағы болуға 3,5-4,5 мың доллар (1 200 000 — 1 500 000 теңге) сұрайды.


Сондай-ақ, Жаңа жылда Кәмшат Жолдыбаева 2,6 мың долларға (900 мың теңге), Маржан Арапбаева 2-4 мың долларға (670 000 — 1 675 000 теңге), KeshYou тобының бұрынғы мүшесі Ақбота Сейтмағамбет 2 мың долларға (670 000 теңге) өнер көрсетеді.


 


 




Көрілген: 912    Пікірлер: 0

сейсенбі, 26.12.2017, 14:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31