Өркениет

Қазақстандық әртісті Мәскеуде «көзің сығыр» деп қорлаған және ол сөзі үшін жауап берді

  • Қазақстандық әртісті Мәскеуде «көзің сығыр» деп қорлаған және ол сөзі үшін жауап берді

    Қазақстандық әртісті Мәскеуде «көзің сығыр» деп қорлаған және ол сөзі үшін жауап берді

Қазақстандық скрипкашы Ланаға Мәскеу қаласында тұрғын үй ауласында ересек ер адам қорлау сөз айтқан. Салдарынан әртістің күйеуі әйелін ренжіткен ер адамды соққыға жығып, сол сәт түсірілген видео желіде тарап қызу талқыға салынған, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Болған оқиғаға қатысты Лананың күйеуі белгілі ресейлік психолог өз парақшасында жазып өткен болатын. Енді мән-жайды толық білмей жатып, оларға кінә тағып жатқандарға Лана өзі жауап берді.


Ол өзінің парақшасында ең алдымен өзін немесе отбасын кінәләп жатқандары емес, таратылған ақпараттың өтірік екендігіне наразы екені туралы жазған.


«Жағымсыз пікірлердің лебі маған немесе отбасыма арналғаннан емес, тек өтірік таратылған ақпарат көбін «атаны ұрды» деген сөзге сендіргені қынжылтады. Онда бәрін басынан бастап айтып берейін: мен аулада балаларымды ойнатып жүргенде денелі келген ер адам менің балама ойыншықты сындырғаны үшін ескерту жасады. Бұны көрген мен лезде кешірім сұрап, ойыншықтың құнын қайтарып беруге ұсыныс жасап едім, жауап ретінде тек қорлау мен боқтықтарды ғана естідім. Соңынада әдеттегідей маған жабылып, көзімнің сығырлығына дейін тиісті. Бірақ Мәскеуде мұндай дөрекілікті жиі кездестіруге болады. Алайда егер де ол дөрекі қолында кішкентай баласы бар әйел адамға қысым көрсетсе, ары қарай шыдауға мүмкін болмайды. Құдайға шүкір мені жасы көретін және қорғайтын күйеуім бар. Басында күйеуім одан кешірім сұрауын талап еткен, бірақ ол дөрекілік танытқан соң таяқ жеді. Және айта кетерім, ол егде жастағы адам емес, менің күйеуім қатарлас, сондықтан бәрі адал болды», – деп жазған Лана.


Сонымен қатар, ол қазіргі таңда жалған ақпарат пен жағымсыз пікірлер көптеген қаралым мен лүпіл жинайтыны туралы және көзінің сығырлығына қатысты пікір білдірген.


«Қазір иа заманға сай жалған ақпарат пен жағымсыз пікірлер көптеген қаралым мен лүпіл жинайды. Және көзімнің сығырлы жайлы да: Мәскеу – көпұлтты қала, сондықтан көздің түрлері де көптеген, бірақ дөрекіліктің ұлттығы жоқ! Күш көрсеткеге күш табылар, сондықтан әйелдер мен балаларды қорғайтын еркектер бар ортада өмір сүргенімізді қалаймын», – деп атап өткен.


Сөз соңында қазақстандық скрипкашы өзінің отбасын тек бейбітшілікті қолдайтынын айтып, дөрекілік танытқаны үшін таяқ жесе, демек соған жеткізгенін жазды. 




Көрілген: 2183    Пікірлер: 0

сенбі, 15.09.2018, 21:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Желтоқсан, 10:14
    Баланың көңілі...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31