Өркениет

Қазақтілді интернет қайтсе жақсарады?

  • Қазақтілді интернет қайтсе жақсарады?

    Қазақтілді интернет қайтсе жақсарады?

Астанадағы «Қазмедиа орталығында» қазақ сайттары редакторларының конференциясы өтті. Тұңғыш рет өткізіліп отырған бұл жиынға еліміздің түкпір-түкпірінен 100-ге жуық интернет сайттарының редакторлары бас қосты.

Шараны ұйымдастырушылар – «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы, «www,abai.kz» ақпараттық порталы, «Алаш Орда» ақпараттық порталы және «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы. «Қазақ интернетінің дамуы: ерекшеліктері, өзекті мәселелері», «Қазақ сайттарының дизайны және техникалық сүйемелдеуді қолдау, коммерцияландыру мәселелері», «IT саласындағы терминология және қаріп мәселесі», «Жаңа медиа мен қазақ интернеті журналистикасы» тақырыптары талқыланған жиынның беташар сөзін «Нұр Отан» ХДП-сының хатшысы, саясаттанушы Ерлан Қарин сөйледі. Алғашқы отырыстың жүргізушісі болған Ерлан Қарин бұл шараның «Қазақ» газетінің 100 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отырған­дығын жеткізді. «2 ақпанда «Қазақ» газетіне 100 жыл толады. Жаңа заман да­муы­ның көрінісі іспетті интернет ресурсы­ның жоба авторларының жиыны да осы уақытқа дәл келуі бекерден-бекер болмаса керек. Бүгінде қазақ сайттары ықпалды топқа айналып үлгерді» дейді ол. Келесі сөз кезегін алған Мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман Қырықбаевтың айтуынша, ұлттық порталдар мен сайт­тарды дамыту – заман талабының көкей­кесті мәселесі. Ол кісі «Күннен-күнге отан­дық контент сапасы артып келеді. Мем­лекет тарапынан былтыр 200-ге жуық интернет құралдары ашылса, биыл бұл көрсеткішті 400-ге жеткіземіз» деп мәлім­деді.



Пікірлер

Конференцияға АҚШ-тағы, Қытайдағы блогерлер тікелей онлайн арқылы байланысып, өз пікірлері мен ұсыныстарын білдіріп отырды. Елбасының латын қарпіне өту бастамасы ең алғаш интернетте жүзеге аса бастағанымен, ғалымдар оның белгілі бір жүйесін қалыптастырмай тұрып жас­тар­дың басын қатыруға болмайды деп кесіп айтты терминолог-ғалым, Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті төрағасының орынбасары Шерубай Құрманбайұлы. Интернет жоба авторлары мен сайт жетекшілері – қазақ интернетінің дамуының басты кедергісі қаржы тапшы­лығы екендігін баса айтты. Кәсіби маман­дар ұстау мен техникалық тұрғыдан сапалы қызметтерді пайдалануға қарапайым тіл­шілердің қалтасы көтермейтіндігі бесене­ден белгілі.

Сол себепті үздік жобалар мемлекет қам­қорлығына алынбай, қазақ интернетінің мәселесі шешілмесі анық. Сондай қамқор­лыққа ілігу үшін қазақ сайттарының ара­сын­да бәсекелестік орнап жатса, құба-құп болар еді.




Ерлан ҚАРИН, «Нұр Отан» ХДП-ның хатшысы:

– Бұл – қазақ интернет сайттарының проблемаларын ашық алаңда талқылап отырған алғашқы жиын. Шара қоры­тын­дысы ретінде бірнеше құжат қабыл­данады. Алғашқысы сайт редактор­ларының өздеріне арналған құжат. Ұсыныс ретінде, мәселен, олар не істеу керек деген тұрғыда. Екіншісі – үкіметке жолданатын құжат. Бұл қазақ интерне­тін дамытуға қатысты нақты ұсыныс­тардан тұрады. Мысалы, ауылдарда белсенді түрде интернет тарту, уай-фай нүктелерін кеңіту деген сияқты. Сосын, үшінші, латын әліпбиіне қатысты ұсы­нысты бөлек қабылдайын деп отырмыз. Төртінші, қазақ интернетінің дамуын­дағы техникалық, дизайндық және ком­мерцияландыру мәселесін бөлек көтермекшіміз. 


Арман ҚЫРЫҚБАЕВ, ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі:

– Алдағы жылда 450 интернет ре­сур­сын ашу жоспарланып отыр, бүгінге дейін жергілікті жерлердегі басылым­дардың 167 интернет парақшасы ашыл­са, жалпы 200-ге жуық басылымның интернет парақшасы бар, оның басым көпшілігі қазақ тілінде. Биыл ақпарат саласын дамытуға 1 миллиард теңге бөлінсе, оның 110 миллиондайы инте­р­нет ресурстарға бөлінген.


Айдос САРЫМ, саясаттанушы:

– Skype арқылы Америка, Қытай елдерін­дегі қандастарымыз тікелей байланысқа шығып, бүгінгі тақырыпқа қатысты өз ойларын ортаға салды. «Бү­­гінде қазақ интернет кеңістігі қа­рыш­­тап дамып келеді. Орыс тілді кон­тенттің 20 жылдағы қадамын төрт-бес жылда бағындырдық. Бүгінде қазақ интернеті үлкен саяси күшке айнал­ды. Нарыққа бейімделіп келеді. Мұнда бұған дейінгі барлық медиа құралдар бірік­ті­ріледі. Интернет дәс­түр­лі БАҚ-қа балама бола алатынды­ғын дәлел­деді. Бірақ, бұдан дәстүрлі БАҚ-тың беделі мен қызметі кеміп қа­ла­ды деп есептемеу керек. Қайта оны толықтыра түседі.


Дәурен ҚУАТ, «Абай» ақпараттық порталының бас редакторы:

– Шара барысында интернет кеңіс­тігіндегі қазақ сайттарын, бағдарла­ма­лары мен жобаларын дамыту тетіктерін бірігіп талқылау және оларға қолдау көрсету, сондай-ақ интернеттегі кон­тент­тің сапасы мен ІТ-технология сала­сындағы терминдердің жай-күйін және латын қарпін қолдану аясы, қазақ тілді интернет журналистикасының негізгі бағыттарын жетілдіру тәріздес мәсе­ле­лер қарастырылды.




Көрілген: 1081    Пікірлер: 0

бейсенбі, 24.01.2013, 13:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31