Өркениет

Қазақтың бүркітші қызын Гарвард және Оксфорд университеттері оқуға шақырды (фото)

  • Қазақтың бүркітші қызын Гарвард және Оксфорд университеттері оқуға шақырды (фото)

    Қазақтың бүркітші қызын Гарвард және Оксфорд университеттері оқуға шақырды (фото)

Айшолпанның дәрігер болсам деген арманы жуық арада орындалады. Моңғолия премьер-министрі У.Хүрэлсүх бейсенбі күні бүркіт баптап танымал болған қазақ қызы Айшолпан Нұрғайыпқызын қабылдады, деп хабарлайды  ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған деп хабарлайды NUR.KZ.


Режиссер Отто Белланың «Бүркітші қыз» деректі фильмінің бас кейіпкері, моңғолиялық қазақ қызы Айшолпан қазіргі таңда 11-сыныпта оқиды. Таяуда ғана ол Азияның «Asia Game Changer Awards 2017» марапатын жеңіп алған болатын. «Бүркітші қыз» фильмі - тамаша туынды. Сіз әйелдерге тән ерекше ерлік пен батылдықты, төзімділікті танытып, Моңғолияны әлемге таныттыңыз», - деді премьер-министр жас қызды бүкіл Министрлер кабинетінің атынан құттықтап.



Премьер-министр, сондай-ақ Айшолпанның ата-анасына осындай инабатты қызды тәрбиелеп отырғаны үшін алғысын білдірді. Айшолпан Моңғолия премьер-министріне дәрігер болуды армандайтынын айтты. Танымал фильм экранға шыққан соң, бүркітші қыз Гарвард және Оксфорд университеттерінен шақыру алды. «Кинода ойнау қызықты болса да, мен дәрігер болуды армандаймын», - деді ол премьер-министрге.




Көрілген: 1304    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сенбі, 11.11.2017, 12:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30