Қазақтың тұңғыш балеринасы жайлы не білеміз?

Қазақтың тұңғыш балеринасы жайлы не білеміз?

Қазақ қызының бар болмысы, сұлулығы тал бойынан табылатын Нұрсұлу Тапалова 1923 жылы 13 қыркүйекте Ақ­төбе облысының Ойыл ауданында өмiрге келген. 1934 жы­лы Алматыда жаңадан құ­рылған Құрманғазы атындағы оркестр Ойылға гас­троль­дiк сапармен келiп, үш күн жергiлiктi халықтың алдында концерт өткiзедi. Бұл кезде Елубайдың өнерлi қызы жетi жылдық мектепте бiлiм алып жүрген еді. Оркестрдiң ұйымдастырушысы әрi басқарушысы, қазақтың кәсiби музыкасының бiлгiрi, әйгiлi сазгер Ахмет Жұбанов бастаған өнерпаздар ойылдықтарға үш күн бойы рухани ләззат сыйлап, ауылды мерекеге бөлейдi. Осы сапарда 11 жастағы Нұрсұлудың талантты қыз екенiн байқаған Ахмет Жұбанов оған кәсiби бi­лiм алуға жол сiлтейдi. Ара­ға екi жыл салып, арнайы комиссияның iрiктеу сынағынан өткен бишi қыз Алматы­ға жол тартады. Бiрден сол кездегi мемле­кеттiк опера және балет театрына орналасып, балетмейстер А. Александровтың шыңда­уынан өтедi. Оқытушысы талапты қыздың талантын ұш­тап қана қоймай, Мәс­кеу мен Ленин­градтағы хореографиялық училищенiң бiрi­не оқуға барып, ұлттық би бөлiмiнен сусындауды кеңес етедi. Бi­рақ Нұрсұлу оқуға түспейді. Кәсi­би бi­лiм алмаса да, өзiнің бойына дарыған бишілік талантын дәлелдеп, көп­шi­лiктiң көзайымына айналады. Ел арасында Нұрсұлу Тапалованың есiмi айтылғанда елеңдескен жұрт: «О-о-о, Зарема!» деп, құрмет-қоше­метiн көр­се­тiп, мақтана жө­не­летiн. Қазақтың бишi қы­зының аспандаған атақ-абыройы жө­нiнде халық әртісi Болат Аюханов «Менiң ба­летiм» деген кi­табында: «Нұр­сұлу – бисiз өмiрiн елестете алмайтын нәзiк жан. Ол Галина Улановамен «Бақшасарай бұрқағында» За­рем­аның ролiн сомдады. Нұрсұлу За­ре­маны классикалық дайындықсыз биле­дi. Сонда да оның кейіпкері нағыз шығыстың аруы болып шықты! Оның биiн көрiп отырып биге елiтiп кетпеу, ға­жайып сұлу биiне қа­рай отырып, оның тартымды әсе­рiне ерекше бой алдырмау мүмкiн емес. Нұрсұлу Тапалова дәс­түрлi классикалық би өнерiнiң толып жатқан қым-қуыт қиындығын орасан зор ерекше күшiмен же­ңе бiлдi. Ол қиындығы мол ерекше тәсiлдердi бейнелер арқылы сомдап, олардың нәзiк се­зiмдерiн көрерменге айырықша жеткi­зе бiлдi. Бұл өнер иесі ұлтының нағыз бағына жаралған», -­ ­ деп баға береді. 1947 жылы Қазақ ССР еңбек сiңiрген әртісi деген атаққа (24 жасында) ие болған бишi 1947-49 жылдары қалалық кеңестiң депутаты болып та сайланды. Би өне­рiнде өзiнiң өшпес iзiн қалдырған өнерпаз кино әлемiн­де «Жамбыл», «Кино-концерт», «Белая роза» се­кiл­дi картиналарға түсiп, әртістiк қабiлетiн де көрсеттi. Тағдырдың жолы бұралаң ғой, 1953 жылы 30-ға жаңа толған бишi театрдан кетiп тынады. Нұрсұлудың талантына тағзым ететiн Болат Аюханов бишiнiң үлкен сахнадан тым ерте кеткенiн талай мәрте айтты да, жазды да. Алайда естiр құлақ, кө­рер көз болмады. Театрда­ғы қызметiнен қол үзген соң, ән-би миниатюрасы жанрын жаңғыртып, эстрадаға ауысқан бишi Жамбыл атындағы филармонияда да еңбек еттi. Филармонияда сол кез­дегi Кеңес одағы мен демократиялық республикалардың ән-би ансамбiлiнiң жеке бишiсi ретiнде қызмет атқарды. Сондықтан да бишiнiң репертуарында қазақ, қырғыз, өзбек, армян, испан сынды ұлттардың билерi көп болды. Өзiне бекiтiлген рольдi кәсiби деңгейде, жоғары дәрежеде сахнаға алып шыққан қазақтың мың бұралған талшыбықтай бишiсiн Кеңес одағы ғана емес, әлем таныды. Мәскеуде өткен қазақ әдебиетi мен өнерiнiң он­күндiгiнде Нұрсұлу кө­рерменнiң ыстық ықыласына бөленгенiн одақтас республикалардың баспасөзi жарыса жазып, кеңiнен дәрiптедi. Әсiресе, Әзiрбай­жан­ның ұлттық биi « Джуджә­дәрiмдi» үйiрiп әкеткенде қазақ қызының асқан ше­берлiгi талайдың таңдайын қақтырды. Нұрсұлу Тапалова қазақ боксының атасы атанған Шоқыр Бөлтекұлымен отасып, өнегелi ғұмыр кеш­кенi белгiлi. Қазақ даласына бокс спортын әкелген Шоқыр туралы журналист Мейрамбек Төлепберген жазған «Шо­қыр» деген кiтапта да бишiнің әсем келбе­тi мен дара өнерi туралы айтылады. Осы кiтапта асылдың сынығы Тоты анасы Нұр­сұлу туралы былай дей­дi: «Небiр мықты қылқалам ше­берлерi қазақтың сұлу қыздарын саларда менiң анамның сымбатты мүсiнiмен салыстыра қарап алып барып кiрiсетiн едi». Ұлттық мәдениеттiң да­муына сүбелi үлесiн қосып, шапағатын тигiзген бишi 1957 жылы «тың жерлердi игергенi үшiн» медалiмен және би өнерiнiң эстетикалық үлгiсiн көрсеткенi үшiн «Құрмет белгiсi» орденiмен марапатталды. 1936 жылдан 1970 жылға дейiн сахнадан түспей, халықтың көз алдында жүрген қазақтың тұңғыш балеринасы туралы кейiнгi кезде түрлi қауесет желдей гуледi. «Өмi­­­рiнiң соңында маскүнем­дiкке салыныпты» деген де ауыр сөздер айтылды. Өкiнiштiсi, 1998 жылы өмiрден өткен қазақтың бiртуар перзентi Нұрсұлу Тапалова туралы қазiр көп айтыла бермейдi. Оған бiздiң салғырттығымыз бен қолымыздағы алтынды бағалай алмайтынымыз себеп. Айдар ЖОРАНОВ, Алматы қаласы. Сурет ҚР Орталық Мемлекеттiк мұрағатынан алынды http://bmtv.kz/kz/entsiklopediya/bilgenge-marzhan/item/12712-aza-ty-t-ysh-balerinasy-zhajynda-ne-bilemiz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста