Қазіргі қазақ киносы дегенде бірінші есіңізге қай фильм түседі?

Қазіргі қазақ киносы дегенде бірінші есіңізге қай фильм түседі?

... Осы сұрақты кез келген адамға қойсаңыз, біраз ойланып қалады. Біз өзімізше тәжірибе жасап, 100 адамға осы сұрақты қойып көрген едік. Сонда олардың 60 пайыздайы «Жау жүрек мың бала» фильмін атады. Ал 20 пайызы «Көшпенділер» десе, 10 пайызы Баянның бірнеше жобасын, қалғаны «Болашақ», «Сырғалым» секілді бірнеше қазақ телесериалдарын атады. Соңғы жылдары елімізде түсірілген отандық фильмдерді бір ақтарып шыққан «Алаш айнасының» тілшісі оқырмандармен бірге ең табысты деген қазақ киносының туындыларын түгендеп көрмек.
Таяуда nur.kz порталында белгілі киносыншы Олег Борецкий үздік деп тапқан фильмдердің тізімі жарияланған еді. Осы тізімге соңғы жылдары түсірілген А.Ержановтың «Қожайындар» фильмі, Эмир Байғазиннің «Асланның сабақтары» картинасы, С Жолдастың «Қыз бен жігіті», Ермек Тұрсыновтың «Шал» және «Келін» фильмдері, Ақан Сатаевтың «Адастқандары», Г.Омарованың «Бақсы» фильмі, Ардақ Әмірқұловтың «Қош бол, Гүлсары» картинасы, Рүстем Әбдірәшовтың «Сталинге сыйлық» туындысы, С. Өтепбергеновтың «Мылқау салқындық» фильмдері еніпті.
Жоғарыда аталған фильмдер несімен үздік десеңіз, бұлардың барлығы халықаралық байқаулардың жүлдегерлері атанған, халықаралық сыйлықтарға ие болған. Киносыншы аталған фильмдердің ішінде Ермек Тұрсыновтың «Шал» картинасын ұлттық кино деуге лайық десе, С.Жолдастың «Қыз бен жігіт» фильмін дебют үшін жаман емес дейді. Сондай-ақ сыншының ойынша А.Ержановтың «Қожайындар» фильмі ырғағы, сипаты, эстетикасы жағынан қазақтардың шынай тіршілігін сипаттайиын – нағыз қазақ киносы. Ал Эмир Байғазиннің «Асланның сабақтары» фильмі көркемдік жағынан тартымды. Өзі үздік деп тапқан әр фильмге жеке тоқталған киносыншының ойымен келісуге де, келіспеуге де болады. Жоғарыда аталған фильмдер туралы сіз не ойласыз құрметті оқырман?
Оқырмандар ойланам дегенше, біз өзімізше соңғы жылдары ең көп табыс түсірген қазақ фильмдерінің тізімін жасап көрдік. Өйткені қазіргі таңда киноидустрияда фильмнің деңгейі оның түсірген пайдасымен есептеледі емес пе? Ендеше кеттік...

1. Қазақстандық прокатта ең бірінші болып миллион доллардан астам табыс әкелген алғашқы фильм Ақан Сатаевтың «Рэкетир» фильмі. Бұл – режиссердің 2007 жылы түсірген алғашқы толықметражды фильмі. «Рэкетир» – қазіргі қазақ киносының тарихындағы ең алғашқы кассалық фильм. Аталған картина прокаттағы бастапқы күндерінде 1 миллион 150 мың доллар жинап, Қазақстанның бокс-оффисінде мегахитке айналды.

2. «Жаужүрек мың бала» фильмі де белгілі режиссер Ақан Сатаевтың туындысы. Аталған драманың түсірілім 2011 жылы басталып, 2012 жылы алғаш экранға шықты. Фильм қазақ халқы жоңғар шапқыншылығына қарсы ерлікпен күрескен XVIII ғасырдың бірінші жартысын қамтиды. Сол кезде қазақ жасақтары бірігіп, басқыншыларға тойтарыс беріп, майданда шешуші жеңістерге жеткен еді. Кино желісі бойынша, осы соғыста ел үшін күрескен жауынгер ер-азаматтар қатарында, жаужүрек Сартай батыр да өзіндей өрімдей жас, жеткіншек сарбаздарды ту көтеріп, жорыққа бастап шығады. Мың бала атанған Сартай жасағы қарасы әлдеқайда көп жауға азғана қол қарсы шауып, арасалмақты қазақ әскері пайдасына өзгертеді. Картина отандық прокатта 2 миллиондолларға жуық қаржы жинаған.

3. Қазақстандық прокатта тағы да табысты фильм болып саналатын режиссер – Талғат Теменов. Оның Сергей Бодровпен, Иван Пассермен бірігіп қойған “Көшпенділер” тарихи боевигі Ресей мен Қазақстан кинонарығынан 300 миллион теңгедей табыс әкелген. 2005 жылы түсірілген картинаның бюджеті 34 миллион доллар. Фильмде басты рөлдерді шетелдік актерлер ойнады.
Бұл картина біршама сынға ұшыраса да, қазақ кино тарихында өзіндік орны бар картина ретінде қалды.

4. Қазақстанда кассалы фильмдер қатарындағы “Жел қызы” комедиясы отандық прокаттан 5 миллион теңгеден астам пайда түсірген. Бұл – жас режиссер Жасұлан Пошановтың алғашқы жұмысы.

5. Белгілі продюсер Баян Есентаеваның “Ғашық жүрегі” де табысты картиналар қатарында. Баян Есентаеваға 150 миллион теңге кіріс кіргізген фильмнің режиссері – Асқар Ұзабаев. Жалпы Баянның қандай жобасы да өз шығынын ақтап, үстінен пайда түсіре алады. Айталық, 500 мың долларға түсірілген «Абайла, сиыр» картинасы да миллион долларға жуық пайда әкелді.

6. Қайрат Нұртас тек эстрадада ғана емес, кино саласында да жақсы табыс таба алатынын дәлелдеген болатын. Әншінің өмірі туралы «Өкініш» фильмі отандық прокатта 100 миллион теңгеге жуық табыс түсірді. Фильмнің режиссері – Мақсат Оспанов кассалық түсім жөнінен бесінші режиссер. Бес апта бойы көрсетілген оның картинасы 94 миллионнан астам пайда түсірді.

7. Ал 2012 жылдың ең үздік көркем фильмін түсірген Ермек Тұрсыновтың “Келін” және “Шал” туындылары прокаттан 83 миллион теңге табыс тапты. Сондай-ақ Тұрсыновтың «Кемпір» комедиясы да табыстан құралақан емес...

Құрметті оқырман, Сіз қандай фильмдерді табысты деп есептейсіз? «Қазақ киносы» дегенде сіздің есіңізге қай фильм түседі? Тізімді толықтыруға атсалысыңыз, пікір қосыңыз!!!

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста