Келіннің бетін әйел ашқанды кім көрген?

Келіннің бетін әйел ашқанды кім көрген?

Өткенде бір тойға бардым. Кешкі 17:00-де басталады деп барған тойым 19:30-да әрең басталды. Екі сағат бойы мейрамхана ішінде ары-бері сабылысқан жұртқа қарап отырып-ақ, той басталмай жатып шаршап қалады екенсің. Жә, оны қойшы, кешігу - ет үйренген әдет қой. Ең қызығы, той басталуын-басталды-ау, бірақ келін келіп, беті ашылам дегенше де тағатымыз таусылды. Ес кетіп, жан шыққанда келген келіннің бетін жуандау келген асаба әйел ашты. О заманда, бұ заман келіннің бетін әйел ашқанды кім көрген? Бұған "Алаш айнасы" оқырмандары не дейді?
Қазіргі той маусымында түрлі-түрлі тойға барып, бірінен шаттанып қайтсаң, бірінен тамсанып қайтсаң, енді бірінен ұялып қайтасың. Иә, бір түрлі ұнжырғаң түсіп ұялып қайтасың. Той басқарушылардың дарақылығына, тойшы қауымның парықсыздығына қынжыласың.
Халқымыздың қандай салтын, дәстүрін, әдет-ғұрпын алып қарасақ та, тәрбиелік мәні зор, үлкенге құрмет, кішіге ізет білдіруге, имандылыққа шақыратын күнделікті өмірімізге қажет құнды дүниелер ғой. Бірақ біз кейінгі кезде ежелгі дәстүрімізді жаңғыртамыз деп, керісінше, сол құндылықтарымызға нұқсан келтіріп жатқандаймыз. Айталық, осы бір ғана беташарды алып қарасақ, бұрынғы беташар қандай еді, қазіргі беташарымыз қандай?
Беташар келін түскен үйде жасалатын
Беташар – ежелден келе жатқан мән-мағынасы зор, әдемі дәстүріміздің бірі. Беташар алдында шымылдық ішінде отырған келіннің басына орамал жауып, той өтіп жатқан әулеттің ең жақын, үлгілі келіндері екі жағынан қолтықтап алып шығады. Келін беті ашылмай тұрып шымылдықтан шықпауының өзі - үлкен ізет. Беташардың тәрбиелік мәні зор болғандықтан, келіншектің екі жағына тұратын әйелдер жесір, жеңілтек болмауы қатаң ескеріледі. Орамалдың теңге түйілген ұшын домбыраның мойнына не таяқтың ұшына байлап, беташар жырын бастайды. Беташарда шаңыраққа жаңа түскен келінге ата-енесін, үй-ішін таныстырады, қандай туысқандық жақындығы бар екенін, беделін, қадір-қасиетін шебер тілімен жеткізіп, әрқайсысына жеке-жеке сәлем жасатады. Сәлем алған адам жас келінге беретін сый-сыяпатын атайды. Мысалы, сол шаңыраққа жақын ауқатты туыстары құлынды бие, енді біреулері отауға тігетін киіз үй т.б. берген (wikipedia.кz алынды). Жаңа түскен келінді бүкіл әулетке, ауыл-аймаққа таныстырып, сәлемін салғызып, оның отбасындағы міндеттерін әнге қосып, әзілмен әрлеп жеткізу сөзі мірдің оғындай жігіттерге жүктелетін болған. Келіннің бетін ашу елге сыйлы ақын-жырауларға, құрметті азаматтарға сеніп тапсырылатын. "Келіннің бетін кім ашса, сол ыстық" деген сөз осыдан қалған.
Келіннің беті тойдың үстінде ашылатын болды
Қазіргі заманға сай той біткеннің бәрі үйде емес, мейрамханадарда өткізілетін болды ғой. Сондықтан да қазіргі таңда беташар үйлену тойы басталғанда жар-жарлатып жастарды ортаға шығарып, жаңа түскен келіннің бетін оның ата-анасының, туған-туыстарының көзінше той үстінде ашу үрдіске айналып кеткелі қашан. Иығы ашық декольте көйлек киген келіншектің сәлем салғанда дұрыс иіле алмайтындарын да көзіміз көріп жүр. Мейлі, бұған да көзіміз үйреніп кетті ғой. Асабалардың табаққа ақшаны үйіп алып, беташар біткеннен кейін қалтасына басып алуы да үйреншікті дүние. Сондай-ақ асабалардың көбі өз-өздеріне сенімділіктен бе, міндетіне немқұрайлы қарағандықтан ба, беташарға алдын ала дайындалуды да артық санайды. Ең болмаса адамдардың атын қағазға анықтап жазып алмағандықтан, қипақтап оқи алмай тұрғандары. Одан қалса, асаба мырзалардың кейбіреуі беташарды қазақтың қара домбырасымен емес, эстрадамен, тіпті фонограмамен ашатынын қайтесің. Ал енді одан да сорақысы - әйел асабалардың келіннің бетін ашуы. Бұл енді тіпті қисынға келмейтін нәрсе ғой. Бүгінде гендердік саясаттың салқыны тойға да жеткен болу керек, жігіттеріміз әйелдерге көліктің рөлін, бастықтың креслосын ғана емес, асабалықтың тізгінін де берген. Мейлі, әйел асаба болсын делік, бірақ той үстінде келіннің бетін ашуды бір жігітке тапсырса қайтеді? Жарты сағат табаққа түскен ақшаны жырлап, бір сағат келіннің бетін ашатын әйелдерді көргенде еріксіз ашуың келеді екен.
Қазіргі заманда біз беташарды әп-әдемі, шап-шағын жинақы, қызықты қалыптан шығармай, үйлену тойларының сәніне айналдыра білсек, онда қазақтың тұрмыс-салт жырының ең тамашасы беташар ұрпақтан ұрпаққа жалғаса береді. Ал егер беташарды қазіргідей кім көрінгенге орындатып, қожыратып, шашыратып алсақ, жастарымыз мұндай ата-салтымыздан ажырап қалары хақ.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста