«Көкжалдар мекені» неге көрсетілмейді?

«Көкжалдар мекені» неге көрсетілмейді?

 Барлығымыз да кезінде тамашалаған, түріктің атақты«Көкжалдар мекені» қандай телехикая, жалғасы бар ма? «2001 жылғы 11 қыркүйек оқиғасы» Неджадидің өмірін қалай өзгертті?Актердің біз білмеген басқа да, қандай да бір сыры бар? Полат Алемдар кім?

Актердің толық аты-жөні – Мұхаммед Неджади Шашмаз. Абдұлқадир Шашмаз­дың ұлы. 1971 жылы 15-желтоқасанда, Түр­кия­ның шығыс аймағындағы дамыған, әдемі Елазыг қаласында дүниеге келген. Туризм мамандығы бойынша Канадада білім алған. Алты жыл АҚШ-та тұрып жатқан Неджади 2001 жылы жазда отбасына демалысқа келген. Қайтар күнгі билетті 11 қыркүйекке алған. Мінген ұшағы АҚШ-қа барар жолдан 11 қыркүйек оқиғасы себе­бінен кері қайтарылған. Ата-анасы АҚШ-қа бармай-ақ, жандарында болғанын қала­ған. Әке-шешесінің сөзін тастап кете ­ Нед­жади сөйтіп, АҚШ-та тұрудан біржола бас тартады. Анкарада сақтандыру агент­тігін ашады. Бір күні оған атақты режиссер Осман Сынав өзінің телехикая түсіретінін, оған бас рөлде ойнауға ұсыныс жасайды. Неджади бір айдан соң келісімін береді. Көп ұзамай екеуі «Көкжалдар мекені» телехикаясы үшін келісімшартқа отырады. 
Бұдан ары Неджади «Көкжалдар ме­кені» телехикаясының басты рөліндегі По­лат Алемдарды сомдайды. Актерлік білім алмаған Неджадидің танымалдығы артып, көрерменнің көзайымына айналады. Ол телехикаяның әлі талай жыл түсірілетінін білмесе керек. Жұрт бұл телехикаядан соң актерді Полат деп айтып жүретін болған.Актердің өзі «Көкжалдар мекені» телехи­кая­сы бар өмірін өзгерткенін, жеке шаруа­лармен айналысуға уақыты қалмағанын айтады. 
Актердің Ражи Шашмаз («Көкжалдар мекені» сериялының сценарийсі) және Зү­бейр Шашмаз деген екі бауыры бар. Ак­тердің «АҚШ» атты жыр жинағы бар. Актер 2012 жылы 41 жасында, 20 жастағы Ыстам­бұл университетінің экономика бөлімінде оқыған Нагехан Кашыкшымен отау құрды. 2013 жылы туылған Али Надир атты ұлы бар.
Фильмдегі Полат Алемдар – түрік мем­лекеті тарапынан құрылған құпия ұйымның арнайы дайындалған жансызы. Шетелде құпия қызметте жұмыс істеген. Соңғы үш жылын Түркиядағы мафияны құртумен өткізген. Кез келген қару түрін қолдана ала­ды, төбелес өнерін жетік біледі. Ағыл­шын, француз, араб, күрт, орыс тілдерінде еркін сөйлейді. Ол ақылдылығымен қар­сыластарын қапы қалдырады. Әртүрлі қауіп пен оқиға барысын өз пайдасына жара­та білетін адам. Жауларына мейірімсіз болса, зәбір көрген, езілген бейкүнә жан­дарға соншалықты шапағаты мол қор­ғаушы. «Көкжалдар мекені» телехикая­сы «Асау жүрек» сериялының түсірілімі біткен соң қолға алынған. Фильмнің 2003 жылы «Көкжалдар мекені. Тосқауыл» деген ал­ғашқы бөлімі түсіріліп, көрсетіле бастады. Екінші «Көкжалдар мекені. Террор» бөлімі түсірілгенімен 2007 жылы 18 ақпанда көр­сетілімнен алынды. Бұл бөлім Түркияның ішкі күштерінің саяси тартысын, даулы оқиғаларды сериялға шығарғаны үшін тыйым салынған. 
Сонымен қатар «Көкжалдар мекені. Па­лестина», «Көкжалдар мекені. Ирак» бө­лім­­дері түсірілді. Қазіргі таңда телехикая желі­сіне әлемдік саяси күштер, массондық жүйе, Сириядағы оқиғалар барысы және әлемдік кейбір саяси жағдайлар тұспалдап арқау етілген. Талай рет фильмге қатысты әлемдік дау, жанжал туындады. Диплома­тиялық ресми жауаптар жолданды. Тал­қы­ланды. Түркияның сыртқы саясаты мен Еуропа және Израильмен арадағы саяси қатынасқа да әсер етті. Неджади Шашмазға және фильмнің сценарийін жазушыларға қастандық әрекеттері жасалды. Осыдан соң олардың жанына полиция күзетіп жүретін болды. Былтыр қараша айында фильм түсірілімі барысында Полат Алемдар жүр­гізіп келе жатқан автокөлік басқарудан шы­ғып кетіп, жол көлік оқиғасына ұшыра­ды. Актердің жағы сынып, бір ай ауруханада емделіп шықты. Жақында түрік баспасөзін­де телехикаяның соңғы бөлімі ғана түсіріліп жатқандығы және басты рөлдегі Полат Алемдардың телехикаяға түсуден бас тарт­қандығы туралы ақпарат тарады. Алайда «Panaфильм» кеңесшісі бұл мәліметтің қауесет екенін, фильмнің түсіріле беретінін айтты. 
Бір бөлімі 120 минуттық болатын бұл телехикаяны Youtube порталынан екі ай ішінде 36 миллион 305 мың адам көрген болып шықты. Ал бір ғана бөлімін 1,5 миллион, ал арнаның ресми сайтынан апта сайын 1 миллион адам тамашалайды екен. Youtube порталында телехикаяның арабша және ағылшын, орыс тіліне аударылған бөлімдері бар. Сондай-ақ көру және есту мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған нұсқаларын да тамашалай алады.
«Көкжалдар мекені» телехикаясының барлық бөлімін қоссақ, 711 миллион минут уақыт болады екен. Телехикаяның Фейс­буктағы ресми сайтында 4 миллион 370 мың мүшесі бар, ал Полат Алемдардың парақшасына 2 милион 250 мың мүше. Басқа да әлеуметтік желілерде мыңдаған мүшелері бар.Телехикая Түркиядан бөлек Германия, Бельгия, Голландия, Австрия, Ұлыбритания, Швеция, Ресей, Мысыр, Қыр­ғызстан, Қазақстан, АҚШ және Авс­тралия телеарналарында көрсетіледі.
Телехикаяның көрсетілгеніне 12 жыл болды. Жаз мезгілінде үзіліс жарияланып, жылдың қалған 3 мезгілінде түсірілім жүреді. Қазіргі таңда түріктің «D» каналын­да көрсетілуде. Елімізде бұл телехикаяның бөлімдері «Хабар», «31» арнасы арқылы көрер­менге жол тартты. Соңғы жылдары көрсе­тіл­мей отыр. Білуімізше, мәселе – телехи­каяның құнында. Демек, жоғары сапа­да түсірілген, бірқатар Голливуд маман­дары атсалысатын, бюджеті қомақты те­лехи­кая­ны сатып алуға қаражат жетпейді. Біздің отандық телеарналар телехикаяның соңғы жылы түсірілген бөлімдерін жыл өткесін, құ­ны арзандаған кезде алып көрсетіп
отырғанын айтады мамандар.

Назар ТҰРЫҚБАЙҰЛЫ

 

 
Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста