Өркениет

«Көңіліме қатты тиді…». Мақпал Жүнісова өзі туралы видеоға қатысты пікір білдірді

  • © SN.kz

    © SN.kz

Жуырда қазақ эстрадасындағы қос бірдей танымал әнші қызды болды. Ол – Бүркіт пен біраз уақыттан бері ел аузынан түспей жүрген Төреғали. Бұл орайда Бүркітті қызды болуымен бүкіл қазақ өнерінің өкілдері құттықтағанымен, Төреғалиға келгенде сараңдық танытқан көрінеді.


Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды.


Төреғалидың сахналық әріптестері Бүркітті жарыса құттықтағандай белсенділік таныта қоймаған.


“Төреғалиға бауы берік болсын айтып, хабарласқан едім, шетелде жүр екен. Әншілер көп құттықтамады Instagram арқылы. Бүркітті бәрі құттықтап жатыр, біздің ұлды ешкім құттықтамады деп ренішін білдірді”, дейді журналист Анна Данченко.


Бұл орайда Бүркіттің қуанышына арнайы келген Мақпал Жүнісова Төреғалиды не себепті құттықтамағанын түсіндірді.


“Мен естіген жоқпын.


Қазір өзім көңіл-күйім болмай, ренжіп жүрмін. Себебі Instagram арқылы 7-8 жыл бұрын болған оқиғаларды дайректке жіберіп жатыр. Көңіліме алып қалдым да, телефонды өшіріп тастадым.


Қуаныш деген, қыз деген жақсы. Төреғалидың әйелі үш қыз туды, бірден жұмаққа баратын болды. Төреғали бауырымды құттықтаймын, қызыңның бауы берік болып, артынан енді үш ұл ерсін. Біз соған тілектеспіз. Қыздарды қорғайтын, қамқоршы болатын азаматтар дүниеге келе берсін.


Төреш, шын жүректен құттықтаймын. Мен сенімен біргемін”, – дейді Мақпал Жүнісова.


Сол сияқты Ақбота Керімбекова да Төреғалиға тілекші екенін, алайда оны құттықтап үлгермегенін жеткізді.


Ал бұл орайда Төреғалидың үшінші қызына Фатима деп есім бергені белгілі болды.


Бұған дейін қыздарының есімін тек “Т” әрпінен қойып келген Төрештің бұл әрекетін Мақпал Жүнісова қолдап отыр.


“Фатима деген жақсы есім. Біздің ұлы есімдеріміздің бірі. Өзі Меккеге барып келді. Сондықтан да бұл дұрыс бастама. Енді осыдан кейін бірден ұлдар келетініне мен сенімдімін. Алладан сұрағандай болып отыр ғой. Адам Алладан сұраса, құлшылық етсе, алдында бәрі жақсы болады деген сөз”, – дейді ол.


365info.kz


 




Көрілген: 4615    Пікірлер: 0

жұма, 11.05.2018, 12:09

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
мамыр
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31