Өркениет

ҚР Президенті Димаш Құдайбергенге арнайы стипендия тағайындады

  • © kaz.caravan.kz

    © kaz.caravan.kz

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев әнші Димаш Құдайбергенге арнайы стипендия тағайындады. Бұл туралы бүгін Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Министр бұл ақпаратты бүгін Қазақ Ұлттық өнер университетінде Димашпен бірге өткен кездесу кезінде айтты. ө


«Бүгін Ұлттық университетте ерекше күн. Бәріміз бірге Димашты өнер ордасында қарсы алып отырмыз. Бұл елімізге үлкен мақтаныш. Димаш жастайынан өзін өнерге арнап, Ақтөбедегі өнер училищесінде, енді Астанадағы Өнер академиясында дәріс алып жүр», - деген министр, жас дарынның ата-анасы - Қанат пен Света Айтбаевтарға, Димаштың ұстаздарына алғысын айтты.


«Димаш аяқ астынан танымал болған жоқ, бұрыннан конкурстарға қатысып келеді. Димаштың бұрыннан бері халықаралық байқауларға, мемлекеттің үлкен концерттеріне қатысып жүргенін жақсы білесіздер. Жақында ғана Елбасы өзінің арнайы стипендиясымен Димашты басқа да өнер адамдарымен бірге құрметтеді. Біздің Елбасымыздың Димашқа деген қамқорлығын осыннан білуге болады», - деді министр.


kaz.caravan.kz


 




Көрілген: 1515    Пікірлер: 28
Пікірлерді оқу (28) preloader

дүйсенбі, 27.02.2017, 18:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30