Өркениет

"Күндіз әртіс, кешке күзетшіміз" Әртістер айлықтарының аздығын айтып, ашынды

  • "Күндіз әртіс, кешке күзетшіміз" Әртістер айлықтарының аздығын айтып, ашынды

Редакциямызға хат жолдаған Алматыдағы Абай атындағы опера және балет театры ұжымы төменгі жалақымен күнкөру мүмкін емес екені айтып, арнайы Елбасына хат жолдады. Осылайша Алматыда танымал әртістер жалақыларын көтеруді талап етуде.


 Әртістер амалдың жоқтығынан сахнадан кейін басқа жұмыс істеп күн көруге мәжбүр. Жүзден астам өнер өкілі қол қойып жақында Ақордаға осы хатты жолдаған. Базыналарын Мәдениет және спорт министрлігіне де жеткізген.

"Жалақымыз 40 мыңнан 100 мыңға дейін. Сондықтан "халтура" іздеп тойға шығамыз" дейді балет әртісі Әлібек Әспетов.  


Кәсіби маманның өнер ордасындағы табысы пәтер ақысы, несие, азығына жетпейді екен. Амал жоқ той жағалаумен, ағалаумен өлместің күнін кешіп жүр. Атағы дардай опера және балет театрындағы өзге әртістері де Әлібектің кебін киген. Хор әртісі Тұңғышбек Мұсаеві: "- Жалақым 62 мың теңге. Бұл ақша маған әрине жетпейді. Мен де жалға берілген үйде тұрамын. Соған 60 мың берем,тіпті коммуналдық төлемге жетпейді. Қосымша жұмыс істеуге тура келеді. Кешке мектепте күзетші болып жұмыс істеймін." дейді.


 Жалақыға жарымай, жаны қиналған 13 әртіс биыл қимаса да, театрды тастап басқа жаққа ауысқан. Орташа қолдарына тиетін айлық 60-80 мыңның айналасында. Бұлардың Астанадағы әріптестері олардан 2-3 есеге жоғары айлық алатын көрінеді. Ал 80 жылға жуық тарихы бар Абай театры тарландарының тарығуын парадоксқа балауға болар. Тіптен, мұндағы директордың өзі алатын жалақысы отбасын асырауға жетпегендіктен, басқа жақтан нәпәқа табатынын айтады. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының директоры Асқар Бөрібаев -Менің жалақым 177 мың теңге. Маған жетпейді. Менде концерттер бар, продюсерлік, режиссерлік жұмыс істеймін. Кішкене табам қосымша өзімнің жалақыма дейді.


Өнерге өмірін арнағандардың жалақыдан қағажу көруі жандарына батады. Сананы тұрмыс билеген соң, сахнадағы саф өнердің сапасы ақсамай ма деген сұрақ та туады. Бірақ, басқа түскен баспақшылдан олар киелі сахнаны тастап кетпек емес. -Айлығы шайлығына жетпейтін әртістердің әзірге жақсы жалақыға қол жетер күн жақын деп үміттенуден басқа амалдары жоқ. Хат жазылды. Енді министрлік пен билік базыналарына құлақ асып, өнер өкілдерінің басында қордаланған мәселеге атүсті қарамас деп сенгілері келеді. Күрмеуі қиын мәселе шешілгенше, әркім қал-қадірінше тірнектеп, еңбектеніп, күн көреді. 




Көрілген: 496    Пікірлер: 0

жұма, 09.11.2018, 16:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30