Өркениет

Ләйлә Сұлтанқызы Алтынай Жорабаева алдында бас имейтінін айтты

  • © sn.kz

    © sn.kz

Белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әнші Алтынай Жорабаевамен өзінің арасында түсініспеушілік бар екенін айтты. Оның айтуынша, әнші оған әліге дейін ренжіп жүрген көрінеді.


«Мен Алтынайды өз басым жақсы көремін, сыйлаймын. Алтынайды бұрын алып қашқанда да ең бірінші болып беташарында болған адаммын. Бағдарламада анонстық деген бөлім болады. Продюсер арна рейтингісі үшін анонс жасайды. Бірақ бұдан бағдарлама жүргізушісі хабарсыз болуы мүмкін. Сондай-ақ, продюсердің жұмысына «неге олай істедің» деп мен араласа алмаймын. Бағдарлама анонсын көргенде өзім де таңқалдым. Айтып үлгермедім, Алтынай ашуланып кетіп қалды», – деп ағынан жарылды Ләйлә Ұлттық арнадағы «Nazar» бағдарламасына берген сұхбатында.


Бағдарлама біткен соң Ләйлә Сұлтанқызы Алтынай Жорабаеваға екі-үш рет телефон соққан. Алайда, «бағдарламаға менің жеке өмірімді көпшілікке жариялау үшін шақырған» деп Ләйләға өкпелеген әнші тұтқаны сол бойы көтермепті.


«Қазір бір-бірімізді көріп қалған жағдайда амандасамыз. Бірақ мен кешірім сұрауға міндетті емеспін!», – деді Ләйлә.


sn.kz


 




Көрілген: 3506    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.10.2018, 21:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31