Өркениет

Ләйлә Сұлтанқызы: «Күйеуім мені қабағымен отырғызып-тұрғызады»

  • Ләйлә Сұлтанқызы: «Күйеуім мені қабағымен отырғызып-тұрғызады»

    Ләйлә Сұлтанқызы: «Күйеуім мені қабағымен отырғызып-тұрғызады»

7-арнадан шығатын «Өз ойым» бағдарламасының жүргізушісі Ләйлә Сұлтанқызы күйеуінің қатал екенін, әлі күнге дейін оның қабағын бағып отыратын айтып, желіге жазба қалдырды.


Сұлтанқызы бұл жазбасын «Күйеулер күніне» арнапты.


«Бүгін күйеулер күні дей ме? Мен де осының желеуімен жігітімді мақтап, сезімімді білдіріп алайыншы. Әйтпесе, жай күні жазсам, «Ләйлә қуды» дейсіздер ғой білем.


Менің жігітім - жігіттердің төресі. Мені қабағымен отырғызып, қабағымен тұрғызады қасына. Өзімді Ұлы Қытай қорғанының арғы бетінде тұрғандай сезінемін. Көңілдеріңіз көтерілсін деп қалжыңдап жатқаным ғой. Егер шын айтар болсам, мен Қайрекеңе өмірімдегі барлық тыныс белгі үшін рахмет айтамын. Мені бақытқа бөлеген шақтарың үшін, маған арнаған әдемі мақтауың үшін, дені сау қос ұлым үшін, отағасынан бөлек достығың үшін, қамқор болған көңілің үшін, бізге арнаған өмірің үшін рахмет», - деп жазды Сұлтанқызы Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасына.


Еске сала кетейік, Ләйлі Сұлтанқызы 2005 жылы депутатқа тұрмысқа шығып, көпшілік оны айрандай ұйыған отбасының шырқын бұзды деп айыптаған еді. Қазір танымал тележүргізушінің 2 ұлы бар.




Көрілген: 691    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 07.11.2018, 00:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30