Өркениет

Ләззат Байырбекова, «Баламның әкесі аяғым ауыр кезде тастап кетті»

  • © juldyz.kz

    © juldyz.kz

 Ләззат Байырбекова деген есім қазақ өнеріне жат емес. Сахнадағы әніне сәні келіскен Ләззат бүгінде қазақ сахнасына да, тойына да сіңісіп, той бизнестің де, шоу бизнестің де қайнаған қазанына етене араласып келеді. Жанболат пен Жазира дуэетіндегі Жазираның туған әпкесі Ләззатпен аз-кем өнері мен өмірі жайлы сыр шертіскен едік.


– Сұхбат беруге келіскеніңіз үшін алғысымыз шексіз! Алғашқы сұрағымыз о баста өнер жолына өзіңіздің аты жөніңізбен шыға бермей неге Қамар сұлу деген псевдонимді таңдап алдыңыз?

– Ең алғаш өнерге келгенімде сегіз айдай Қамар сұлу деген атпен шыққаным рас. Сол кездерді продюссермен жұмыс істеп жүрген кезімде продюссерімнің маған қойған аты болатын. Дәл қазіргі таңда өз аты-жөніммен шығып жүрмін. Сахнада да, тойларда да өзімді Ләззат Байырбекова деп таныстырамын.




– Көбінесе өзіңізді жаңа есім деп таныстырып жатады. Өнерге кеш келдім деп санамайсыз ба өзіңізді?

– Расында да мені барған жерлерімде «жаңа есім» деп таныстырып жатады. Бірақ мен өнер жас талғамайды деп санаймын. Жасы сексенге келіп қалса да Нұрғали Нүсіпжанов ағамыз әлі күнге сахнада микрафонын тастаған жоқ. Немесе тілі енді шыға сала аты қазақ даласына кең тарап жататын балдырған жетерлік. Әркім қалаған уақытында өнерге келеді. Және өз мүмкіндігін көрсете алады деп ойлаймын. Мәселен мен керісінше жас кезімде өте ұяң болдым. Қазақ қызына ән айту дұрыс емес деп ойлайтынмын. Өнер адамына деген көзқарас, қыз баланың сахнада жүруіне қатысты ойым басқаша болатын. Ауылда өскендіктен болар қыз балаға лайық емес мамандық деп санап, бойымдағы өнерімді тұншықтыруға тырыстым. Сахнаға шығуға тартыншақтадым барынша. Есейе келе Алла берген өнерді пайдалану керек екенін түсіндім. Алланың мұндай өнерді кез келгенге бермейтінін түсіндім. Осылайша кеш те болса өнерге келдім.




– Тойлардан жиі байқаймыз, қыздарды ұзатып жүрсіз жалпы тойларға қаншамен шығасыз?

– Бұрын бұл сұраққа жауап бермеуге тырысатынмын. Жасыратынмын. Кейін қазақтың ауқатты байларының тойларында шетелден келген әншілердің 20-25 мың долларға шығатынын көрген соң, мен неге өз бағамнан ұялуым тиіс деп тойларға шығатын бағамды ашық айтуға бел байладым. Астана қаласында қазіргі таңда бір тойға 150-200 мың теңге арасында қызмет көрсетемін.

– Ән таңдауда кіммен ойласасыз?

– Бұрын ән таңдауда сіңілім Жазира мен күйеу балам Жанболатпен ақылдасатынмын. Соңғы уақыттарда өзім таңдай бастадым. Өйткені өзім де әнге зор жауапкершілікпен қараймын. Кезінде ақындар айтысына қатысқам. Әкем де ақын болған. Сондықтан әннің сөзіне ерекше мән беремін, өнер әлеміне қандай әндер өтімді екенін шамалай бастадым. Сонымен қазір әнді де өзім таңдап, өз өзімді сүйреп келемін.




– Стилисіңіз бар ма?

– Өнер әлеміне алғаш кіріскенде стилистпен жұмыс істеген дұрыс. Өйткені сахнада киімін өзіне сай, әнін үстіңдегі киіміңе сай болғаны дұрыс. Оны арнайы маман кеңесіне сүйеніп, ақылдасып шешпесең болмайды. Бастапқыда менің де стилисім болды. Ал соңғы кездері стилисім жоқ. Қазір бәрін өзім ойластырып, өз стильімді өзім қалыптастырып келемін. Өз өзіме ғана сенемін!

– Жақында Жазира, Назира сіңілдеріңізбен трио болып ән шырқадыңыздар бір бағдарламада. Бір кездері Жазира екеуіңіз дуэт болып та шығыпсыздар. Қазір Жазирамен өнерге қатысты ойласасыз ба, дуэт болу ойда жоқ па? Бірге концерт беру туралы ойыңыз бар ма?

– Иә, жақында апалы сіңілі Байырбековалар трио құрды деген ақпарат тарады. Бірақ бұл шынайы ақпарат емес. Өзіңіз айтып отырғандай бір бағдарламада екі сіңіліммен шықтым. Сұхбат бердік. Бағдарлама барысында қосылып ән шырқадық. Бірақ сіңілім Нәзира ән айтпайды. Кішкентай кезінде ғана айтқан болатын. Хабар барысында қосыла шырқаған әнімізге орай осылай хабар тарады. Бірақ трио немесе дуэт құру ойымызда жоқ.

Көп ағайындысыздар білеміз. Ата-анаңыз, бауырларыңыз туралы айтып берсеңіз?

– Иә, көп балалы отбасынан шыққанмын. Отбасымызда жеті қыз, екі ұл тәрбиеленіп өстік. Әкем марқұм кішкентай кезімізден бәрімізді өнерге баулыды. Қазіргі тілмен айтқанда продюссеріміз болатын. Ерінбей анда мында апаратын, Жазира екеуімізді көпшіліктің алдына еркін шығуға сол кезден бастап баулыды десем де болады. Өзінің асабалық та өнері болатын. Бізді тойларға дейін ертіп апаратын. Ал анамыздың керемет ән айтатын даусы бар. Үйде үнемі домбыра ілініп тұратын. Сол кездегі Алматы қаласындағы қыздар педагогикалық оқу орнының музыкалық бөлімінің екі курсын бітірген. Одан соң әкеміз Шымкент қаласына келін етіп алып қашып кеткен соң оқуын әрі қарай жалғастыра алмай қалған. Содан диплом да ала алмай, өнерін де жалғастыра алмай қалған. Үйде үнемі өнерді сағынғандықтан ба, домбыра шертіп отыратын. Содан біздің де құлағымызға домбыра үні, ән сіңісті болып жастаймыздан өнерге бейім болып өстік ау деймін.

– Екі ұлыңыз бар екен, жалпы отбасыңыз туралы да ести отырсақ.

– Мен екі ұлды тәрбиелеп, өсіріп отырған жалғызбасты анамын. Жалғызбасты ана деген аттың өзі өмірге баланы жалғыз өзі алып келетін аналарға тән сөз ғой. Біреуді жамандасаң күнәсі өзіңе ауып кетеді деп жатады. Сондықтан ешкімді жамандағым келмейді. Бірақ бәрін ашып айтатын болсам, баламның әкесі аяғым ауыр кезде тастап кетті. Сонда да баланы мен өмірге алып келдім. Өзі иманды, намаз оқитын кісі болса да мені сондай жағдайда қалдырып кетті. Сондықтан оның мұндай қылығын ұмыта алмаймын.

– Нағашы жағынан Кенен Әзірбаев, Нұрғиса Тілендиев секілді тұлғалардың туыстық қатысы бар екен. Ал сіздің балаларыңыздың өнерге қатысы бар ма?

– Үлкен ұлым қазір студент. Көкшетау қаласындағы өнер колледжінде оқиды. Екінші курсты бітіріп жатыр. Мамандығы режиссер. Қазіргі таңда сол үлкен ұлыммен бірге дуэт айтып жүрмін. Ұлымның сазгерлік өнері бар. Ақырындап өзінің әндерін жазып жүр. Бұл мені әрине қуантады.

– Жазираның жас шәкірттер тәрбиелеп жатқанын білеміз, Сіздің шәкірттеріңіз бар ма?

– Мен ешқандай шәкірт тәрбиелеп жатқан жоқпын. Бірақ өзімнің ұлыма бағыт бағдар беріп, ән таңдауына көмектесіп жүрмін. Қосымша «Дәстүр» атты шығармашылық топ құрдым. Ол жерде жастар емес, өзім қатарлы орта жастағы қыз келіншектер бар. Олармен бірге шығармашылық тұрғыдан өзімізді шыңдаймыз. Бұл топтың негізгі мақсаты енді аяқтан тұрып келе жатқан Астана халқын қазақыландыруға үлес қосып, ұлттық салт-дәстүрлерімізді жаңғыртуға, насихаттауға құрылды. Ол жерде ұлттық салт-дәстүрлерді бойына мықтап сіңірген қыз-келіншектер бар. Қазір тойларда арнайы сценариймен қыздарды ұзатып, келін түсіріп, тұсау кесіп қазақтың тойының барынша қызықты өтуіне барымызды салып жүрміз. Әрбір тойда қазақтың барлық салт дәстүрінің заманға сай жаңғыруына, қазақы нақыштың сақталуына тырысамыз. Осылайша қызметіміз халыққа деп жүріп жатырмыз!


 




Көрілген: 2513    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 11.08.2017, 13:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31