Өркениет

Мәдина Сәдуақасова гастрольдік сапармен Моңғолияға барып қайтты

  • Мәдина Сәдуақасова гастрольдік сапармен Моңғолияға барып қайтты

    Мәдина Сәдуақасова гастрольдік сапармен Моңғолияға барып қайтты

 Қазақстандық әнші Мәдина Сәдуақасова гастрольдік сапармен Моңғолияға барып қайтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Әнші бұл сапары жайында Instagram парақшасында жазып отырды. Моңғолияда ұшақтан түскен сәттен бастап, елге қайта оралғанға дейінгі аралықты, ол елден алған әсерін, халықтың қошеметі мен сол елдегі ерекшеліктерді паш етті. Әнші Мәдина Сәдуақасова алдымен Қовда аймағында болды. "Қовда жері ерекше ыстық ықыласпен қарсы алып жатыр!! Біздердің қандай бақытты сәттерді кешіп жатқанымызды сөзбен жеткізу мүмкін емес!!", - деп жазды ол Instagram парақшасында. Сол күні, яғни 15 наурызда әнші Моңғолияға сапарындағы алғашқы концертін берді. "Бүгінгі Моңғолия еліндегі алғашқы концертімізге келген Қовда жұртшылығына, текті қандастарымызға мың алғыс! Қазақ Елім деп армандаған адуынды жүректеріңізден айналдық! Біз Сіздермен біргеміз!", - деп жазды ол. Бұдан кейінгі сапар Баянөлгий аймағында жалғасты. "Ал біздер Моңғолияның Баянөлгий аймағына келіп жеттік. Қандастарымыздың осындай қошеметін, ықыласын көріп бұл барлық өнер адамдарына, әншілерге ерекше құрмет деп қабылдадық.. Рахмет, рахмет үлкен Сіздерге", - деп алғысын жаудырды әнші.




Әншінің Instagram парақшасынан алынған сурет


Әнші бұл аймақтағы тыңдармандардың ықыласынан алған әсерін былай жеткізді: "Баянөлгейдің халқының ықыласы мәңгі жүрегімде қалатыны сөзсіз❤


Әнші 16 наурызда Моңғолияның астанасы Ұланбатырда концерт өткізді, кеш "Арман елім-ай" деп аталды. Сәдуақасованың Моңғолиядағы концерттерінен үзінділерді мына жерден көруге болады. Гастрольдік сапардан Қазақстанға аман-есен оралған әнші Instagram парақшасы арқылы Моңғолия жұртшылығына алғысын жеткізді.

 


tengrinews.kz


 




Көрілген: 1247    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 19.03.2018, 13:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31