Өркениет

Мәдина Сәдуақасова жол апатына түсіп қалды (фото)

  • instagram.com/sadvakasovamadina

    instagram.com/sadvakasovamadina

Мәдина Сәдуақасова Алматыда жол апатына түсті. Арнайы жолаққа аялдап, жүргіншілерді өткізген әншінің көлігіне автобус соққан деп жазады NUR.KZ.


Оқыс оқиға жайында әнші Instagram парақшасында мәлім етті.


Сәдуақасова автобустағы беті қанға боялған қызды көріп, дереу жедел жәрдемге хабарласқан. Алайда телефон тұтқасын көтерген диспетчер қыз сауалдармен уақыт жоғалтыпты.


"23 қазан күні жүргіншілер жолағынан оқушылардың өтіп кеткенін күтіп тұрғанмын. Бір кезде көлігімнің артына автобус соқты. Соққыдан кейін дереу оқушыларға қарадым. Бәрі аман. Автобус жүргізушісіне барсам, сасқалақтаған қарт кісі жолаушыларға алаңдап, тежегішті басып үлгермегенін айтты.

Автобустың алдында есі кіресілі-шығасылы бойжеткен беті қанға боялып тұр. Дереу 103-ті теріп, жедел жәрдемді шақырдым. Ал диспетчер қыз мың сұрақ қойып, (Кім? Қайда? Қашан? Қандай жарақат?) уақытты өткізуде. Бір кезде бойжеткеннің нөмірін сұрады. Оған өздері хабарласып, жағдайды анықтамақ.


Менің ашуым шығып тұрғанда, жол-көлік қызметкері диспетчермен сөйлесті.


Менің айтқым келгені, мұндай оқиғада әр адамның жанын сақтап қалу, диспетчерге байланысты. Маған қойған мың сұрақпен адамның өмірін құтқаруға үлгермейсіздер.


Ал автобус жүргізушілері өз жолдарымен жүрсе не болады? Қайда асығасыздар? Жолаушылар сіздер де рөлде отырған жүргізушіні алаңдатуды қойыңыздаршы. Аллаға шүкір, менің тек бетім ғана жараланды. Кеше білінбеген еді, ал бүгін бетімің жарасы қорқынышты болып тұр. Жара жазылар, темір жөнделер. Адамдар, бір-бірімізге мейірімді болайықшы", - деді Сәдуақасова.



Айта кетейік, Мәдина Сәдуақасованың әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар. 




Көрілген: 1454    Пікірлер: 0

жұма, 26.10.2018, 10:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30