Өркениет

Мәдина Сәдуақасова Қазақстандағы ең танымал 10 әйелдің көшін бастады

  • © Stan.kz

    © Stan.kz

Отандық қолсағат шығаратын "Tumar Kazakhstan" бренді 2017 жылдың табысты, танымал 10 әйелінің тізімін жариялады, деп хабарлайды Today.kz.


Ондықты анықтауға әлеуметтік желіде дауыс беру арқылы қазақстандықтар да қатысқан. Былтыр толағай табысқа жеткен үздік ондық мыналар:


- Мәдина Сәдуақасова


- Айдана Меденова


- Баян Мақсатқызы


- Ерке Есмахан


- Аша Матай


- Әсел Садуақасова


- Салтанат Бақаева


- Кәмшат Жолдыбаева


- Ләйлә Сұлтанқызы


Ондықтың былтыр атқарған жұмыстарына көз жүгіртіп көрейік.


Былтыр жыл соңында Мәдина Садуақасова "Құрмет" орденімен марапатталды.


Баян Мақсатқызы арты дауға айналған "Қозы Көрпеш - Баян Сұлу" сериалын түсірді, "Баян" кітабының тұсауын кесіп, еліміздің бірнеше қаласында таныстырылымын өткізді.


Ерке Есмахан бір жылда екі хит ән жазып, "Қайда?" әніне түсірілген бейнебаян 52 миллион қаралым жинады.


Айдана Меденова бейнебаян түсіріп, 2016 жылы ашқан кәсібін жалғастырды.


Аша Матай мен Кәмшат Жолдыбаева республикалық арналардағы ауқымды жобалардың тізгінін ұстады.


Әсел Садуақасова үшін 2017 жыл расымен табысты болған секілді. Актриса былтыр 3 фильмнің, 1 сериалдың басты рөлін сомдап, продюсерлік етті.


Ләйлә Сұлтанқызы, Аиша мен Салтанат Бақаеваның шығармашылығында өткен жылы айтарлық өзгеріс болмаса да ондықтың құрамында болуға лайық деп тауыпты.  



http://today.kz/kz/


Көрілген: 1394    Пікірлер: 0

сейсенбі, 23.01.2018, 11:36

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
мамыр
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31