Өркениет

Мақат САДЫҚ, Қазақ радиосының директоры: Бұл – қазақ зиялы қауымының тойы!

  • Мақат САДЫҚ, Қазақ радиосының директоры: Бұл – қазақ зиялы қауымының тойы!

    Мақат САДЫҚ, Қазақ радиосының директоры: Бұл – қазақ зиялы қауымының тойы!

Қазақтың қара шаңырағы, ұлтымыздың үні мен жаны болған Қазақ радиосына биыл – 90 жыл. Мәдениетіміздің мәйегі мен руханиятымыздың бай қазынасын халық ішінен жинап-теріп, оны жас толқынға жеткізіп, ұрпақ сабақтастығын жалғастырушы қызметін атқарып келе жатқан мекеменің 90 жылдық торқалы тойы аталып өтуде. Тарих-тамыры тереңге кеткен Қазақ радиосының директоры Мақат Садықпен әңгімелескен едік.


– Қазақ радиосының мерейлі де мерекелі 90 жылдығы жоғары дә­ре­жеде тойлануда. Ахмет Бай­тұр­сын­ұлы­ша айтсақ, Алаш жұртының «көзі, құлағы һәм тілі» болған Қазақ радиосы туралы аз-кем айтып өтсеңіз...

– Қазақ АКСР Халық комиссарлары Кеңесі 1921 жылдың 29 қыркүйегінде Республикалық радио хабарларын тарату жөнінде шешім қабылдады. Қазақстанның сол кездегі астанасы Орынбор қаласынан 1921 жылдың қазан айынан бүкіл рес­пуб­­­ликаға трансляция беріле бастады. Қа­зақ радиосының жүйесінде бүгінде рес­публикалық үш ірі радиоарна бар. Қа­зақ радиосының ұлттық арна ретіндегі бас­ты мақсаты – мемлекеттің ақпараттық саясатын жүзеге асыру. Онда тәулігіне 24 сағат бойы 150 хабар таратылады. Мұн­дағы хабарлар эфирге, негізінен, қа­зақ тілінде, сосын орыс, неміс, кәріс, ұйғыр, әзірбайжан, түрік және татар тіл­дерінде тарап отыр. Ал «Шалқар» ра­дио­сы – Қазақ радиосының қазақ тілінде хабар тарататын құрылымдық бөлімшесі. Бұл радионың құрылғанына 40 жылдан асты. Бүгінде ол тәулігіне 18 сағат хабар таратады. Қазақ хал­қының рухани мұрасын сақтау және да­мытуды басты мақсат ретінде ұстанған. «Астана» радиосы – Қазақ радиосының жастарға арналған танымдық, ақпаратты-музыкалық хабар тарататын құрылымдық бө­лімшесі. Әуе толқынына 1999 жылдан шы­ғып келеді. «Ақ ниетпен – әр үйге!» ұра­ны­мен жұмыс істейтін радионың тәуліктік шы­ғарылымы қазір 19 сағатты құрайды.

– Қара шаңырақтың қабырғасында қа­зақ мақтанышына айналған қан­ша­ма белді арыстарымыз тәрбиеленіп шыққаны мәлім. Олар кімдер?

– Қазақтың қай зиялысын алсаңыз да, әй­теуір, радиомен байланысы бар екенін бажайлайсыз. Ескендір Хасанғалиев, Би­бі­гүл Төлегенова, Сағымбай Қозыбаев жә­не тағы басқалар осы радиодан түлеп ұшқан еді. Ахмет Жұбановтар Құрманғазы атындағы ұлт-аспаптар оркестрін радиода қызмет етіп жүріп құрған болатын. Бұрын «Қазақстан» телеарнасының қызмет­кер­­ле­рінің бәрі әуелі Қазақ радиосында шыңдалып шығатын. Кейінгі жылдары ғана бұл үрдіс жойылды. Қазақ телеви­зия­сының 50 жылдық тарихы болса, со­ның 45 жылдық ғұмырында Қазақ радио­сы­нан тәрбиеленген майталмандар екені кү­мән туғызбаса керек. 90 жылдық – ра­дио­ның ғана емес, барша қазақ зиялы қа­уымының тойы.  

– Осы күні шетелдік радиолармен әріп­­тестік байланыс орнату жағын қол­­ға алып отырсыздар ма?

– Ресей, Белоруссия елдерімен Ке­ден­дік одақ құрылуына байланысты Ота­ны­мыздың кәсіпорындары, бизнесі, жал­пы, барлық сала өз өнімін аталған елдер­мен бә­секелестікте көрсете білуі қажет. Бұл 90-ға толған Қазақ радиосын да айналып өт­пей­ді. Мысалы, Ресейдің «Голос России» ра­диосы орыс тілінен бөлек, күн сайын қысқа, орташа және спутниктік желімен 38 тілде тәулігіне 151 сағат хабар таратады. Ин­тернеттегі сайты 33 тілде жұмыс іс­тей­ді. 150-ден астам бөлімі бар сайттың әлемнің 140 елінде оқырманы бар. Бізге осындай радиолармен бәсекелестікке тү­се­тін за­ман туып тұр. Бұған дейін қа­зақ эко­номикасы мен саясатындағы жетіс­тік­тер өз ортамызда ғана айтылса, енді әуе толқындары арқылы алыс-жақын ше­телдерге де тарататындай мүмкіндік туа­ры сөзсіз. Бұл ретте «Қазақстан» теле­ра­дио­корпорациясының басқарма төр­аға­сы Н.Мұхамеджанованың біздің алды­мыз­ға қойған мақсатты жоспарлары со­ған үн­дей­ді. Бірнеше жыл әлемдік аре­на­да­ғы радио және телевизия мэтрлерімен әрі­п­тес, қызметтес болған, танымал ха­лық­аралық компанияны басқарған Нұр­жан Жалауқызы Қазақ радиосының да дү­н­иежүзілік стандартта халыққа қызмет көр­сетуінің бағыт-бағдарын белгілеп отыр.



«Кеңесіп пішкен тон келте болмас...»




Заманауи студиядан жаһанға даусын жеткізген...




Белгілі диктор Әнуарбек Байжанбайдың ұлы Арыс әке жолын қуыпты...




Айшылық жерден жедел ақпарат алғызған...




Әсем әнмен Алаш жұртын оятқан...




Ел-жұрттың көкейіндегіні дөп басқан тілшілер тобы




«Эфирде – Қазақ радиосының жүргізуші-редакторы Гүлшат Тәкежанова»




Директор нұсқау береді...




Спорт комментаторы сұхбат алу үстінде (Сурет мұрағаттан алынды)



Шерхан МҰРТАЗА, Қазақстанның Халық жазушысы, қоғам қайраткері:

– Қазақ радиосы – республика мәдениетінің бел омыртқасы. Жылдамдығы жағынан газеттен де, теледидардан да шапшаң.

Дүниенің түкпір-түкпірінен неше алуан хабарларды алдыменен жеткізетін – радио. Радио қазақ әдебиетін, өнерін насихаттауда, өркендетуде қайыспас қара нардай жүк көтеріп келеді. Халық радионы сүйеді. Әсіресе алыс  ауылдар, қияндағы қыстаулар радиосыз қалса, оларға күн тұтылғанмен бірдей. Қазақ радиосы жақсылық жаршысы болсын!


Әбіш КЕКІЛБАЙҰЛЫ, Қазақстанның Халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері: 

– Ұлтымыздың рухани кемелденуіне қалтқысыз еңбек еткен радио қызметкерлері жаңа жаппай ақпарат дәуірінде бұрынғыдан да биік мәрелерге жетіп, биік мерейлерге ие  болмақ. Ләйім, Қазақ радиосының қай кезде де шабыты шалқар, өрісі кең, мерейі үстем бола бергей!



Суреттерді түсірген – Нұрғиса Елеубеков




Көрілген: 1451    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 22.12.2011, 14:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30