Мақпал Жүнісова: Екі жыл маған үлкен сынақ болды

Мақпал Жүнісова: Екі жыл маған үлкен сынақ болды

 Қазақстанның Халық әртісі Мақпал Жүнісова "Түркістан" басылымына сұхбат беріп, өміріндегі, өнеріндегі жаңалықтармен бөлісті.
Әнші соңғы екі жылда отандық телеарналарда шақырылмаған қонаққа айналғанына қапалы. Ірі арналардың әндерін қоймайтына ренжиді. Тіпті Қазақ радиосына да әндері қабылданбайды екен.
"Өткенде Фариза апамызды еске алу кешіндегі концерт "Хабар" арнасынан көрсетілді. Менен басқа әншілердің бәрі бар, араларында тек мен жоқпын. Елбасының атына хат жолдадым. Ол кісіден "ешқандай кедергі жоқ" деген жауап алдым. Қол­дан жасалған кедергі кімнің тарапы­нан болғанын білмедім. Роза Рымбаева, Нағима Есқалиева қатысатын Жаңа жылдық кон­цертке де соңғы екі жылдан бері қатыстырылған емеспін. Бар­лық әншілерге орын бар, тек маған орын жоқ. Қазақстанда, туған елім­де тұрып жатырмын. Шет­тетілетіндей жатжұрттық емеспін. Қайсыбірінің есігін қағайын?", - дейді халықтың еркесі.
Әнші жекеменшік телеарналардың анда-санда көрсететінін айтады.
Мен әр ауылға барып, түсіндіруге шамам жоқ. Әрі телеарна басшы­ларының қайсыбірінің есі­гін қағайын? Құдайға шүкір, елі­міз­дегі ірі қалаларға барып, же­ке концертімді үзбей қойып жүр­­мін.
"Елуге толған кез­де "31 арна" концертімді берді. Оларға алғысымды айтамын. "Ал­маты" телеарнасынан көрсетіп жүр қазір. Бірақ Алматыдан алшақ жатқан аймақтарда ол ар­на хабар таратпайды ғой. Көзден кеткесін, көрер­мендер мен тыңдармандар: "Бұл Мақпалға не болды? Өнерден қол үзді ме? Жалқауланып кетті ме? Халықтың арасынан неге көрінбейді?", – деп ойлайды ғой. Мен әр ауылға барып, түсіндіруге шамам жоқ. Әрі телеарна басшы­ларының қайсыбірінің есі­гін қағайын? Құдайға шүкір, елі­міз­дегі ірі қалаларға барып, же­ке концертімді үзбей қойып жүр­­мін. Алайда Зәкең бар кез­дегідей мені шенеуніктер құр­­­метпен күтіп алып, шығарып салмайды. Керісінше, әкімдіктің қызметкерлері мені көрсе, айнала қашатын болған. Концерт қоюға өзім барып, өзім келетін әншімін қазір. Басқа қайда барайын? Дәм-тұз тартқан жерге барамын, қуаныштарына ортақтассын деп тойларға шақырады халық", - дейді Мақпал Жүнісова.
Биылғы жылдың әнші жаман болмағанын айтады.
"Көңілім толады. Жақ­сы әрі жаңа әндер жазылды. Астана, Алматы, Қарағанды, Көкшетау, Шымкент, Тараз сияқ­ты көптеген қалаларда жеке концертімді ұйымдастырып, ха­лық­тың алдында есеп бердім. Ән жинақтарым жарық көрді", - деп бөлісті әнші өнеріндегі соңғы жаңалықтарымен.
Халық әртісі сондай-ақ репертуарына жаңа 15 ән қосылғанын да айта өтті.
Мақпал Жүнісова той арқылы күн көретінін, "Қазақ­концерттен" айлық ретінде 62 мың теңге жалақы алатынын жасырмады.
Әнші тойларға апта сайын бармайтынын, көбіне гастрольдік сапарлармен жүртінін, сондықтан әрі кетсе айына 3-4 тойға шығатынын айтты.
"Аса тойшыл да емеспін қазір. Денсаулығым сыр берген. Омыртқаға суық тиген, биік өкшемен көп жүріп, омыртқаға қатты салмақ түскен. Енді жайтабан аяқ киіммен жүріңіз дейді. Сахнаға қалай шығам бәкене бойыммен? Ауыр көтермеңіз деп ескерткен дәрігерлер. Үйдің тазалық жұмыстары, тамақ пісіру т.б. жұмыстар менің мойнымда. Бәрін өзім істейтін қазақпын. Жиі ауыр көтеруге де тура келеді. Бір күні ұшып түсіп, қатты ауырдым. Енді күтіммен жүрмін", - дейді әнші.

www.turkystan.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста