Өркениет

Мақпал Жүнісова еркектің сырттағы жүрісіне көз жұма қарау керектігін айтты

  • Мақпал Жүнісова еркектің сырттағы жүрісіне көз жұма қарау керектігін айтты

    Мақпал Жүнісова еркектің сырттағы жүрісіне көз жұма қарау керектігін айтты

Қазақстанның Халық әртісі Мақпал Жүнісова ер адамдардың қашанда қыздарға көз салып жүретінін айтты. Әнші күйеуі бар әйелдерге сабырлы болуға кеңес берді. Айтуынша, ер адам басқамен көңіл қосса да, оған кешіріммен қарау керек. Себебі Халық әртісі “күйеуіңді үйден қуып шықсаң, ол қашан да басқа әйел тауып алады” деген ойда.

Бұл туралы Мақпал Жүнісова Hit-TV арнасына берген сұхбатында айтты.


Қазақтың ерке қызы ер адам басқа әйелге көз салса, барлығын ақылмен шешуге болады деп санайды.


“Күйеуіңе көбірек күлімдеп, жылы жүз білдіргенің жақсы. Ер адам үйден 30 қадам аттаса, бойдақ боп шығады. Қыдырып кететін әдеттері бар ғой. Оны біздің анамыз да айтып отыратын. Ата-бабамыздан қалған салт па деймін?! Ата-бабамыз да 10 әйелге дейін алған ғой. Сондықтан да оған үркіп қараудың қажеті жоқ. Әйел адам сүйіп қосылған күннің өзінде, еркек жан-жағына қарап жүреді. Себебі үйдегі әйел бабын таппаған шығар. Сондықтан ондайын көрсең де көрмегендей болу керек. Өзінің отбасын сақтап қалу үшін, балаларының болашағы үшін әйел адам ақылдырақ, кешірімді болу керек. Ол қанша қыдырса да, сол жақсы әйелге қайтып келеді”, – дейді Халық әртісі.


Әншінің айтуынша, ер адамның опасыздығын кешірмей, онымен ажырасып кеткен жағдайда опық жейтін әйелдің өзі.


“Ер адам далада қалмайды. Бір әйел қуып шықса, оның ештеңесі кетпейді. Себебі қыздар толып жатыр. Сондықтан да сабыр керек”, – деп түсіндірді ол. 


stan.kz




Көрілген: 1346    Пікірлер: 0

жексенбі, 17.12.2017, 17:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30