Өркениет

Майғазиев өнердегі ағасына неге жұдырық жұмсағанын түсіндірді

  • © Foto : Сәкен Майғазиевтің Instagram парақшасынан

    © Foto : Сәкен Майғазиевтің Instagram парақшасынан

Танымал әнші өнердегі ағасына неліктен жұдырық ала жүгіргенін түсіндіріп, Қазақстанда тұрып жатқан өзге ұлт өкілдеріне өтінішін жеткізді. Бұл туралы әнші Астана арнасының "Ел аузында" бағдарламасында айтты.


Сәкен Майғазиев өзі барған тойлардың бірінде "Ялла" тобының дыбыс режиссерімен неліктен жаға жыртысқанын түсіндірді. Айтуынша, ол Қазақстандағы белгілі топтардың біріне тіл тигізген. Осыдан кейін намысқа шыдамаған әнші ағасына жұдырық ала жүгірген.


"Ялла" тобындағы ағалардың арасында дыбысты ретке келтіретін режиссер бар. Ол кісінің мұндай адам екенін қайдан білейін?! Біздің "Досмұқасанмен" тең ансамбль көріп, жапа-тармағай жүгіріп барып амандастым. Мен үшін аты аңызға айналған топ еді. Бірде әлгі азамат тойды ұйымдастырушылардан "Біз қашан шығамыз?" деп сұрады. "Қазір, "Досмұқасан" тобынан кейін шығасыздар" деп еді, "А, вот эти что ли?!" деп ән айтып тұрғандар жаққа қарады. Осы сәтте менің қаным басыма шауып, әлгінің жағасына жармастым. Бұған "Музарт" тобындағы жігіттер куә. "Сен кімсің "вот эти" деп сөйлейтін? Осындай деңгейге жеттің бе? "Досмұқасан" аңызға айналған топ. Неге олай айтасың?" деп айғайладым", — деді Сәкен Майғазиев.


Әрі қарай әнші Қазақстанда тұрып жатқан өзге ұлт өкілдерінен осы елге аз да болсын құрмет көрсетуді сұрады. Себебі, бүгінде қазақтан қамқорлық көрмеген ұлт кемде-кем.


"Ең құрығанда, осы жерге келгеннен кейін елін де құрметтесе екен деген тілек бар. Қазақ халқының даралығын, даналығын, кемеңгерлігі мен қонақжайлылығын айтып мақтаса екен деймін. Мейлі шешен болсын, мейлі басқа ұлт өкілі болсын, қазақтан қамқорлық көрмей қалған халық жоқ", — деп қорытты сөзін әнші.


Sputnik


 




Көрілген: 2897    Пікірлер: 0

сейсенбі, 18.09.2018, 12:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Желтоқсан, 10:14
    Баланың көңілі...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31