Өркениет

"Меломен" тобы жартылай жалаңаш қыздарға шүйлікті

  • © Kaztube.kz

    © Kaztube.kz

Соңғы уақытта сахнада жүрген қазақ қыздарының көбісі жартылай жалаңаш клип түсіріп, ашық-шашық киімдерімен көзге түсуді әдетке айналдырғаны жасырын емес. "Меломен" тобының жігіттері өнердегі әпке-қарындастарының бұлай "азғындалуына" өз сындарын айтты деп хабарлайды "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.


Өзінен кейін танылған жас әншілердің кемшілігін жасырмай жайып салатын "Меломен" үштігі бұл жолы өнердегі сұлуларға шүйлікті.


"Қазір өнерде жүрген қыздарымыз өте сұлу. Олар жабық киінсе де, өздерінің әдемілігін көрсете алады. Олардың ашық-шашық суреттері "мен сатылып жатырмын" дегенді білдіреді. Міндетті түрде мүшесін көрсетіп, лайк пен пікір жинайды. Пиар мен талқыға түсу үшін қыздардың шешініп жатқаны, өте өкінішті нәрсе", - дейді "меломендік" жігіттер.

Сонымен қатар Ролан Қазретовтің де шешінген суретін салып жүрген қыздарға да өз айтары бар.


"Сіздер біліңіздер, өздеріңізді құрбан еткендеріңізбен қоймай, барлық қазақты құрбандыққа шалып жатырсыздар. Сіздерді көріп өскен, кішкентай қыздар да тәнін сататын болады", - деп ағынан жарылды.

Айта кетейік, әуел баста төрттік болып шыққан "Меломен" тобынан бүгінде Жігер Ауыпбаев шығып кетті. Әншінің неліктен жеке шыққаны жайлы шындық әлі күнге айтылмады.


Бұл жайында Ауыпбаевтың өзібір сұхбатында "Шындық әлі ашылмады" деп жанайқайын жеткізді.


Ал "Меломен" тобы 91 тобын сынап, көпшілікті ашуландырып алды.


2018 жылы "Туған жерім тамаша" атты су жаңа туындысын көпшілікке ұсынған "Меломен" жігіттерін танымал журналист Есей Жеңісұлы сөгіп тастаған.


Естеріңізге сала кетейік, "Меломен" тобының әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.


 




Көрілген: 394    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 17.10.2018, 11:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30