Өркениет

Мемлекеттік стипендия 75 әдебиет пен өнер қайраткеріне беріледі

  • Ⓒthepicta.com

    Ⓒthepicta.com

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мәдениет саласындағы стипендияны ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова тапсырды.


Мемлекеттік стипендия 75 әдебиет пен өнер қайраткеріне беріледі, деп хабарлайды Zakon.kz.


Олардың арасында Асанәлі Әшімов, Мырзатай Жолдасбеков, Сәбит Досанов, Бибігүл Төлегенова және т.б. сынды дарынды тұлғалар бар.


Стипендия Қазақстан Республикасының құрметті атаққа ие, мемлекеттік наградалармен марапатталған, шығармашылық қызметкерлер мен мәдениет қызметкерлерін мемлекеттік қолдау мақсатында жыл сайын беріледі, сондай-ақ дарынды жас суретшілерді еліміздің мәдениетін құруға, сақтауға және дамытуға қосқан үлесі үшін марапаттайды.

Сонымен қатар, Мемлекеттік қолдау жас таланттарға да көрсетіледі, олардың ішінде Медет Шотабаев, Ирина Тен, Жамбыл Дүйсенов, Әділ Ахметов және басқалар бар.


Рәсімнің ашылу салтанатында Гүлшара Әбдіқалықова қатысушыларды шын жүректен құттықтап, мемлекеттік стипендияларды ұсыну қазақстандық мәдениеттің дамуына қосқан үлесін мойындау екенін атап өтті.


Мемлекеттік хатшы салтанатты рәсімге қатысушылардың назарын Қазақстан Президентінің мына сөзіне аударды: «Ұлттың әлеуетін құру біздің мәдениетіміз бен идеологиямыздың одан әрі дамуын талап етеді. "Рухани жаңғырудың" мағынасы дәл осы. Біздің қоғамның мұраты өз тарихын, тілін, қазіргі заманғы мәдениетін білетін, шет тілдерін меңгерген, озық және жаһандық көзқарастары бар қазақстандық болуы керек».




Көрілген: 1961    Пікірлер: 24
Пікірлерді оқу (24) preloader

жұма, 26.01.2018, 21:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28