Өркениет

Меруерт Түсіпбаева "пәктігінен айырылған" бойжеткенге күйеуін алдауға кеңес берді

  • Меруерт Түсіпбаева

    Меруерт Түсіпбаева "пәктігінен айырылған" бойжеткенге күйеуін алдауға кеңес берді

Еуразия арнасындағы "Кеш қалмаңыз" бағдарламасына құпия қонақ ретінде келген Меруерт Түсіпбаева пәктігінен айырылған қызға күйеуін алдауға кеңес берді. Әнші жақын құрбысының басынан өткен хикаясымен бөлісіп, оның бүгінде бақытты өмір сүріп жатқанын мысалға келтірді.

"Менің жақын құрбым болған. Ол өзге ұлттың жігітіне тұрмысқа шықпақ болады. Бірақ оған ата - анасы қарсылық танытады. Дегенмен ол кезде кеш болды, себебі қыз пәктігінен айырылған. Өзі сондай ақжарқын, тамаша қыз еді. Маған ол әңгімесін айтып, мұңын шағатын. Содан ол өзге ұлттың жігітімен тұрмыс құрмайды.


"Қазақтың жігіттері мені алмайтын шығар",- деп уайымдайтын. Күндердің күнінде ол қазақтың бір жігітімен танысып, Алматыдағы жалғыз пәктік жасайтын клиникаға барды. Ол кезде оның құны $100 тұратын. Бұл оқиғаның бәрі менің көз алдымда өтті. Дәрігерлер "жуынба, секірме" деген ескерту жасайды екен. Бұл 15 жыл бұрын болған оқиға. Сол отаның арқасында ол бақытты болып кетті, бірақ сол кездегі достарымен араласпайды",- деді әнші.


Құрбысының басынан өткен хикаясын баяндаған Меруерт бағдарламаға көмек сұрап келген қызға да "актриса болып, күйеуін алдау қажет" екенін айтты.


" "Құларымды білсем, астыма жылы мамық қояр едім",- дейді орыстар. Мен өз басымнан өткен оқиғаны айттым. Сол үшін мен айтамын алдау керек, түк етпейді. Алла тағала кешіреді!",- деді ол.


Жүргізушінің "Ұлыңыз пәк емес келін әкелсе қалай қабылдайсыз?",- деген сұрағына әртіс баласының бақыты маңыздырақ екенін айтты. 




Көрілген: 1258    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сенбі, 04.11.2017, 22:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30